Сабақ оқуды сүйікті іске айналдыру

Сабақ оқуды сүйікті іске айналдыру
жеке
блог

Адам ақыл-ойымен не нәрсені қашан және қалай жасайтынын білу керек."Үйрену" ұғымы уақыт,мақсат,қызығушылық және ерік-жігер сияқты ұғымдармен тығыз байланысты.Ерік-жігер мен уақытты дұрыс қолдана білу-үйрену жолдарын білу деген сөз.ҰБТ-ға дайындалған оқушылардың көпшілік бөлігі жетістікке жету үшін жүйелі және жоспарлы түрде сабақ оқу керектігін біледі.

Сабақ оқуды сүйікті іске айналдыратын ең маңызды қадам-алға қойылған нақты бір мақсаттың болуы.Яғни "Қалай сабақ оқимын?" деген сұрақтан бұрын "Не үшін сабақ оқимын?" деген сұраққа жауап табылуы керек.Сіз үшін сабақ оқудың мән-маңызы бар болса,сабақ оқуды сүйетін боласыз.Сабақ оқу техникасын білу-сабақ оқудың тиімді тәсілдері жайлы жүргізілген зерттеу жұмыстары оқушылардың кейбір сабақ оқу техникаларын қолдану арқылы табысқа жеткенін анықтады.Оқушылар кейбір техникаларды қолдана отырып,құлшынысын да,үйрену деңгейін де арттыра алады.Бір сабақ,бір мәселе және бір тақырыпқа кітап-дәптерлеріңізді жинастырып қоюға асықпаңыз.

Егерде сабақ оқуды қиын іс деп ойласаңыз,мұндай әрекетпен табысқа жетем деп ойламай-ақ қойыңыз.Атақты ғалым А.Эйнштейн "Менен шешу үшін 1 сұрақ сұралса және маған 1 сағат уақыт берілсе,сол уақыттың 45 минутын сұрақты оқып түсінуге ,10 минутын шешу жолын ойлап табуға,қалған уақытты шешуге арнаймын",-деген екен.

Сонымен ҰБТ-ға дайындалу үшін қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады екен?

1.Сабақты мұғалімнен тыңдамас бұрын оқулықтағы сол тақырыпқа бір қарап шығыңыз;

2.Сабақты зейін қойып тыңдаңыз және керекті жерлерін қағазға түртіп отырыңыз;

3.Сабақта айтылғандарды сол күні қайталап шығыңыз;

4.Сабақты түсінген соң,сұрақтарға жауап беруге кірісіңіз;

5.Сол тақырыпқа байланысты жауапсыз қалған сұрақтарыңыз болса, тақырыпты қайтадан оқыңыз;

6.Сұрақтарға жауап берген кезде сұрақтың негізінде берілгендерді және сізден сұралғандарды белгілеңіз;

Сіздің мақсатыңыз ҰБТ-да табысқа жету болса,онда ҰБТ-да шығатын сұрақтармен жұмыс істеңіз де,"істей аламын!" - деп өзіңізді қайрауыңыз керек. Бәлкім,өзгелер  секілді 100% жетістікке жетпеуіңіз мүмкін, бірақ 70% табысты болу мүлдем тақырға отырғаннан әлдеқайда жақсы!