Куәлікпен жүруге мәжбүрмін

Куәлікпен жүруге мәжбүрмін
жеке
блог

 Есім қою өмірге ерекше әсер етеді. Исламда "Әке мен шешенің бала алдында үш міндеті бар: туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу, үйлендіру (қыз болса – ұзату)" деген хадис бар. Психологтардың айтуынша баланың өміріне есімі әсер етеді екен. Себебі бала өз есімін қалай қабылдаса солай қарай жүреді деп қортынды шығарған. Ал қазақтардың есімдер қорында кісі аттары 40-50 мыңға дейін жетеді деген деректер бар. Онда Ислам дініне қатысты арабтектес есімдер көп, өзіміздің дәстүрлі есімдер, ұлы тұлғалардың есімдері, кірме есімдер бар. Мысалы, Саммит, Саммитхат, Азиада деген жасанды есімдермен де көбейген. Азиада деген қыз бала, Саммитхан деген де бала бар. Ол – әрине, 2010 жылы өткен ЕҚЫҰ саммитінің құрметіне қойылған есім. Халықаралық ­ЭКСПО көрмесі кезінде астаналық бір тұрғын баласына Бәйдiбэкспо деген есім беріпті.

Осындай ерекше есімді иеленген Астана қаласының тұрғыны Астанай Теміровадан сұхбат алған болатынбыз.


астанай темірова

Есіміңді кім қойды? Қандай мағына береді?

–       Менің дүниеге келуімнің өзі тарихпен тікелей байланысты. Себебі 1998 жылы 10 маусымда ел болып елордамыздың тұсаукесер тойын тойлап жатқан кезде мен дүние есігін ашқан екенмін. Сол күні перзентханадағы анама ауданға танымал азамат ,туысқан құдамыз Мақсым Елеуов деген кісіден ашық хат келіпті. Хатта:"Құрметті Темір -Рая дүниеге келген перзенттеріңнің есімін елордамызбен бірге өссін, өркендесін деген ниетпен "Астанай " деп қоюды міндеттемеймін,ұсынамын",– деген екен. Сосын ата-анам алғашқыда қызық көріп,кейіннен əжемнің келісімімен осы ерекше есімнің иесі атандым.

астанай темірова

Есіміңе байланысты қандай қызықты оқиғалар орын алды?

–       Қызық оқиғалар көп орын алып жатады. Əсіресе тіркеуге тұрғанда,құжат тапсырғанда, қабылдаушылар "Мен сізден қалаңызды сұраған жоқпын, екі-үш рет сұрадым сонда да əдейі істеп тұрсызба "?деп жекіп жатады, мен ондай кездерде куəлік көрсетіп құтыламын. Немесе танысқанда есімім Астанай десем сеніңкіремей қайтадан «расымен шын есімің кім?» деп сұрайтындар да кездесті. Жалпы мен кез келген жерде куəлікпен жүруге мəжбүрмін, себебі сенбейтіндер көп.

астанай темірова

Ерекше есімге байланысты телеарналарға шығып жүрсің. Қазақстанда ешкімге ұқсамайтын есімдер көп пе?

–        Иə, шүкір есіміме байланысты дүниеге келгеннен газетке шыққан екенмін, содан бері елорданың əр жылғы мерейтойларында сұхбат беруден қолым босай бермейді. Биыл 20жылдыққа орай бірнеше рет сұхбат бердім,кездесулерге бардым. Сол кезде өзім секілді ерекше есімдерді жолықтырдым. Ал бұған дейін ерекше есімдерді көп байқамаппын.Бірақ өзіме деген сүйіспеншілігім ерекше. Сол себептен менімен аттас Астанайлар барма екен? деп іздестіргем.Сөйтсем Астанайлардың тұңғышы мен екенмін.Меннен кейін 10 шақты Астанай бар болуы керек.

 

Қандай мамандықта оқып жүрсің? Болашақтағы арманың қандай?

–       Мен елордамыздағы  ЕҰУ-дің журналистика жəне саясаттану факультетінің баспа ісі мамандығында оқимын. Жалпы басты мақсатым еліміздің баспа саласын ілгерілету, шет елмен тəжірбие алмасу, отандық баспаларда оқулық шығаратын  деңгейге көтеру. Жалпы осы журналистиканың қазанында қайнау. Журналисттер жалпы қызметін сұхбат алып бастаса, мен сұхбат беріп бастап жатырмын. Мүмкін бұлда бір жақсылықтың бастамасы шығар.

астанай темірова

Есім адамға әсер етеді дейді. Атыңның ерекшелігін өз мақсатыңа пайдаланған кездер болды ма?

–       Əрине, есім адам өміріне əсер ететіне толықтай келісемін.Себебі менің есім қандай ерекше болса бойымдада  сондай ерекшеліктер бар екенін достарым жиі айтады. Сонымен қатар, қандай ортаға барсам да Астанай болғаным үшін маған көп жауапкершілік жүктеп ,көп үміт артылғандай сезіледі. Алайда есімім Астанай екен деп тау қопарып есіктерді теуіп кіретіндей мүмкіндік жоқ, оған талпынбаймында.

Қазіргі таңда саяси реформалар, іс-шаралардан кейін жаңа есімдер пайда бола бастады. Соңғы кезде сәнге айналды десе де болатындай. Осындай дүниеге өзіңнің көзқарасың қандай?

–       Иə, соңғы уақытта айтулы оқиғалармен ұштастырып есім қою сəнге айналған. Мысалы, Экспо,Азиада,Самит секілділер. Менің бұған деген көзқарасым жалпы ол оқиғаның қоғамдағы ғұмырымен,маңыздылығы,сіңімділігіне байланысты. Егер айтулы оқиға,саяси шараға байланысты қыздың қылығын, ұлдың азаматтығын көрсетіп, шырайын келтірер есім болса неге қоймасқа?! Мысалы менің есімім қандай ерекше əрі əдемі.

Самитхан деген есіммен 13 бала, Саммит деп 19 бала, Нұрсаммит деген атаумен 3 бала тіркелсе, сонымен қатар Саммитбек деп 2 балаға ат берілді. Ал Азиада деген есім 15 балаға берілген.

Думан Кеңшілік