Астанамен үндеcкен жастар
жеке
блог

Астанамен үндеcкен жастар

"Ұлттық домбыра күні" меркесі мен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай, Жаркент қаласының бір топ белсенділері тұңғыш рет "Домбыра Party" шарасын ұйымдастырды. Еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылып келген Домбыра Party шарасына Жаркенттік тұрғындар қосылғанына дән ырза.

 

Тікелей эфирден қысқаша көрініс 

https://www.facebook.com/nurik.khanagat/videos/1783295905094973/

Дәнеш Рақышевтай халық әртісі шыққан Панфилов ауданында күмбірлі күй шертіліп, Шәмшінің әндері шырқалды. Айта кету керек, Домбыра Party шарасы 2013 жылдан бастау алған еді. Енді міне "Ұлттық домбыра күні" мерекесі аталмыш шарамен үндесіп, бірге тойлануда.

 

 

 

Зейнеткер апа осы шараға немересін арнайы ертіп келіпті. Домбыраның құлағында ойнайтын немересі жиналған жұртқа Адай, Балбырауын, Сарыарқа сынды күйлерді орындады. 

 

 

Жиылған жұрт зейнеткер апаның немересіне үйреткен қазақы тәрбиесі үшін қуаныштарын жеткізіп, алғыстарын айтты.
Қазақтың рухын жаңғыртқан мереке "Рухани жаңғыру" бағдарламасының бірден- бір айғағы екенін дәлелдеді.

 

 

 

 

 

Қазақтың күмбірлі үніне сусындаған Жаркент тұрғындары мерекелік шараның көңілдерінен шыққанын, және мерке қарсаңында тағы бір мәрте бірігіп ұйымдастырсақ деп тарқасты. Астана күні құтты болсын!!!