Мен ҰБТ-ны қалай тапсырдым?!
жеке
блог

Мен ҰБТ-ны қалай тапсырдым?!

11-сыныпқа енді-енді қадамымызды басқан сәттен-ақ алдымыздан үлкен сынақ күтіп, арқамызға ауыр жүктің артылатынын сездім. Солай болғаны да рас, ең алғаш алғашқы қоңырау салтанаты болған сәттен бастап , директор мен ұстаздардың жылы құттықтауларынан ізгі ниетті тілек пен жауапты істің біздің мойнымызға табыстағаны сезіліп тұрды. Партаға отырған сәттен сынып жетекшіміздің енді босаңсу деген болмасын тек дайындық дайындық деген қатқыл үні басқаларын білмеймін, әйтеуір мені қатты алаңдатты. 

Шынымды айтсам, тестілеуге аса бір бар уақытымды арнап күні-түні дайындалмадым. Белгілі бір уақыт қойдым, күніне бірнеше сағат. Өзіме қатты салмақ салғым келмеді. Және отбасым көп сенім артпасыншы деп ойладым, артылған сенімді ақтау қиын екенін түсіндім. Осылайша бірқалыпты дайындықпен 100-ден жоғары жинап жүрдім. Қыс мезгілінің бел ортасында қызу дайындық басталды, жан-жақтан анталаған ұстаздардың қатты сөздері мен оқушылардың кейбір қыңыр мінездері, ғаламторды шарлап жүрген қорқынышты ақпараттар- менің бойыма бар үрей мен уайымды салды. Не ойларымды білмедім, тек дайындық және дайындық. Апта сайын тестілеу. Аз көрсеткіш жинаған оқушылармен жеке сөйлесулер, психологпен кездесу. Жүздеген жаңа ақпарат, мыңдаған жаңа тестілер. Шынымды айтсам, 17 жасар жасөспірімге артылған үлкен сынақ болды . Бұл тест алдағы үлкен өмірде ешқандай рөл ойнамайды дегендер көп, айтуға оңай әрине. Алайда, дәл сол тестілеуде отырғаныңды көз алдыңа елестетсең құдды өзіңді ешнәрсе білмейтін білімсіздей сезінесің. Көктем бастылып, мектеп бітіруімізге 1 ай қалғанда Білім және Ғылым министрлігі тестілеуге тағы да бір өзгерісін енгізіп  жіберді. 8 ай дайындалған дүние жүзі тарихы пәнін әдебиет пәнінің жанынан алып тастады. Енді қазақ әдебиеті мен қазақ тілі пәні бейіндік пән болып шыға келді. Шынтуайтында ,бұл маған сәтті өзгеріс болды, себебі маған дүние жүзі тарихынан гөрі қазақ тілі жақынырақ. Енді қазақ тіліне дайындық басталды. Оңай көрінгенімен қазақ тілінің күрделілігі басым болатын. Ауыр жүкті беліме байладымда, әрі қарай дайындала бердім. Бір қызығы тестілеулерде жаңа формат енбеген, нағыз ұбт ға дейін дүние жүзі тарихынан тапсырып жүре бердік. Бір жағынан ашуыңды келтірді. Сонымен мектепті де бітірдік, 5 сабақтан емтиханды да ойдағыдай тапсырып ,аттестатымызды да алып алдық. Енді шешуші сынақ, нағыз білімділердің майданы үлкен күрес жолы алдымызда тосып тұрды. Біз ше, оқушыларды айтам жыл бойы оқыған білімімізді қару етіп ұстап, барынша моральды түрде дайындалдық. ҰбТ күні жақындаған сайын бойымызды қорқыныш пен үрей билеп , не түрлі сұмдық ойлар тыным бермеді. 3 күн қалды. Ең алғашқы ұбт басқа облыстарда болып жатты. Ол сұрақтардың шет жағасы әлеуметтік желілерде желдей есіп бірден тарады. Аса бір ұйымшылдықпен ұйымдасқан оқушылар желілердегі тестті барлық жерге таратты. Ең қызығы ол сұрақтар тіптен бұрынғы сұраққа ұқсамайды, өте күрделі ,өзгеше. ҰБТ  болатын күн. Барлық қалам, қарындаштарымды дайындап, таңғы 3 те жатқаннан 5те тұрып мектебімізге бардым. Жанарларында бұрыңғыдай алаңсыз бейнелері жоқ ,құрдастарымның бәрі сырттай күліп тұрғанымен, іштерінен қалай алаңдап тұрғандарын байқамау әсте мүмкін емес еді. Солай 7 де мектептен жүріп кеттік.  Автобус іші көтеріңкі атмосферада осымен барлық қиыныдықтың бәрі бітерін біліп түрғанадй, бір жағынан соңғы шешуші деген үн жанымыздан сезіліп тұрғандай. Аудан орталығына жетіп, ҰБТ болатын мектептің алдына түскенде, ең алдымен көзіме форма киген полиция қызметкерлері түсті. Тіпті өзгеше көңіл күй ,белді бекем буып 7 аудиторияға қарай көтерілдім. Аудитоия алды анталаған оқушылар, қулығын асырғысы келгендерде баршылық, олардың бірақ айы оңынан туа қоймағаны анық. Аудитория кезекшісі есімімді атап шақырды, бисмиллахиымды айтып кабинетке қарай құдды соғыс алаңына беттегендей кірдім. Кезекші 20-шы орынды көрсетті. Орныма барсам бірінші партаның төртінші бойы жиырмасыншы нөмір. бұл менің туған жылыммен айы күніммен дәлме-дәл келіп тұрғанын қарамайсыңба?! Бұны жақсылыққа жорыдым. Кітапшалар таратылып, парақшаларға белгілеу басталды. Кітапшаны ашып қарадым , бірнеше сұрақты белгілегенімде жарты сағаттың өтіп кеткенін байқамай қалыппын. Жүрегім аузыма тығылды, не істерімді білмедім. Ішімнен бұның болмайды, өз-өзіңе кел дегенді қайталаумен болдым, осылайша сынақты бітірдім. Аудиториядан шыққанымда мектеп алдында тұрған ұстаздар мен ата-аналарды көріп күліп жібердім. Олардың барлығы менің атымды айтып қол соғып тұрғанда ерекше қолдаумен ыстық ықыласты байқадым. Ішімнен болды , енді қорқыныш пен уайым болмайды деп,арқамнан ауыр жүк түскенін сездім. ҚУАНЫШТЫМЫН.