Кетсе кетсін
жеке
блог

Кетсе кетсін

қытай, қыз

Тек мұндайға сабырмен, біреудің таңдауына салиқалы қараған дұрыс-ау. Ата-анасы келісіп отырған болса оған біздің сіздің байы ұрған қатындай шыңғырғанымыздан түк шықпайды. Əрбірден соң қазақ қызының өзге ұлтқа тиюі тарихтан бар нəрсе ғой. Ойратқа Қалмаққа қыз беріп қыз алып тыныштық үшін құдандалы боп отырған деседі. Мұнымен қытайға кеткендерді қолдағаным емес, тек ешкімнің өміріне қол сұқпауға шақырғым келеді. Ол кетті екен деп қабырғамыз қайысып, керегеміз майысып қалған жоқ. Мұндай нəрсе болады да, бола береді де. Белең алып кетпеуі үшін желіге салып насихаттауды да доғару керек. Бұрын қазақта қалай еді? Осындай бір оспадарлықты естісе "мал құлағы саңырау ести қойма тəңір-ау" деп дереу тыйып отырған. Мұнысы айтыла- айтыла жаппай белең алмасын дегені еді. Сондықтан бір шіріген жұмыртқаға бола сонша көз жасымызды көл қылудың мəнісі не?