Жазушы-блогерлер мен видео-блогерлер

Жазушы-блогерлер мен видео-блогерлер
жеке
блог

Мен бұл постымда тек жазуға арналған әлеуметтік желілерде және сайттарда ұзақ пост жазып қоғамда болып жатқан оқиғаларға  өз пікірлерін жарықтың жылдамдығынан  тез білдіріп үлгеретін жазушы-блогерлер туралы ғана емес ютуб желісінде де өте белсенді, тек терең  ойлаумен ғана шектеліп қалмай өз өнерлерін әдемі келбет және өте мықты қойылған дикцияларымен немесе жай ғана көрер көзге жағымдылықтарымен ұштастыруға шебер видео-блогерлер жайлы да жазғым келіп отыр. 

Жазушы-блогерлер жайлы.

Мен көп кітап оқымаймын. Жоқ, Бұл мүлдем менің кітапты жақсы көрмейтіндігімді білдірмейді, бұл менің еріншектігімнің көрінісі. Алайда, мен сияқтыларды құтқаратын супермендер бар, олар - жазушы-блогерлер. Мен күніге инстаграмға немесе өзге де блогтар жүргізілетін желілерге, сайттарға кіріп минимум 10шақты блог оқып шығамын. Менің ойымша блогерлердің жазбалары профессионалды жазушылардың кітаптарынан артық түспесе ешқандай кемдігі жоқ. Жазушылар өз туындыларын көрермендерге том-том кітаптары арқылы жеткізсе, блогерлердің парақшаларының өзі тұнып тұрған энциклопедия. Кітаптарда көбінесе әдеби терминдер, күрделі сөздер қолданылатындықтан біраз миды ашытатыны бар, ал блогтар оқуға да, ұғуға да жеңіл, әрине кейбіреулері еркін жанр болғандықтан өз жазбаларындағы тыныс белгілерінің дұрыс қойылуына мән бере қоймайды, алайда смайликтерді ұтымды түрде пайдаларына жарата білетіндіктері мені қуантады. Блогерлердің ең басты артықшылығы - жылдамдықтары. Күнделікті өмірдегі елеулі оқиғаларға өз ойларын еш кешіктірусіз уақытылы жеткізе білетіндіктері шынымен де құрмет көрсетуге лайықты. Мысалы кеше түнде бір оқиға болса ертеңіне желілерде сол жағдайға деген мыңдаған блогердің мыңдаған ойы тізіліп тұрады. Және соларды оқу арқылы қарапайым xалық болған жағдайға деген өз қате пікірлерін өзгертулері соған орай дұрыс ой қалыптастырулары де әбден мүмкін. Тағы бір үлкен артықшылықтары - қолайлылық. Иә әр күн сайын телефонға телміріп блог оқудың көзге де, басқа да зияны бары рас, алайда уақыты тапшы адамдар үшін автобуста отырса да, кептелісте тұрса да бірдене оқып үлгеру одан да маңыздырақ, өйткені бұл мүлдем ештене оқымаудан жақсы.  

Таяқтың екі ұшы бар демекші бұл жерден бір  салдар шығады, ол - профи жазушылардың, әдебиетшідердің қарсы пікірі: блогерлердің жазбалары тым жеңіл болғандықтан сөз арзандығына, сапасыздығына әкеліп соғады. Иә, бұл пікірді толықтай болмаса да 30%-ға қолдауға болады, өйткені шынымен де барлық әлеуметтік желі тұтынушылары "өз парақшам - өзім" білемін деген  ұстаныммен жұмыс жасайды. Расымен субъективті тұрғыдан да кім қандай сурет салса  да, кім қандай пост жазса да өзі біледі. Блогерлердің xейтерлік пікірлерге "ұнаса - оқы, ұнамаса - өтіп" кет деген жауаптары мен қара тізімге жолдамалары дайын тұрады. Мен оқитын блогерлердің кейбіреулерінің ішінде де  ойларын жеңіл жеткізу үшін жаргондарды қолдана салатындар мен емлелерге, қазақша шрифттерге мән бермей жаза беретіндері бар. Мен оларға әлі күнге дейін жазулымын өйткені мен үшін олардың қалай жазғандары емес қалай ойлағандары манызды, яғни мен түпкі ойды түсінсем болды, қалғаны керек емес. Иә дұрыс, сапалы, барынша әдеби жазылған дүниелерді оқу сананы дамытады, әйтсе де бұл блогерлердің, оның ішінде инста-блогерлердің жұмысы емес деп ойлаймын. Олардан тым күрделі заттарды талап етуіміз олардың жұмыстарынан тыс, басты міңдеттеріне жатпайтын әрекеттер. Алайда осылай екен деп тым еркінсіп кетуге де болмайды. Менінше блогерлер қарапайым адамдардан сәл сауаттырақ, ал тәжірибелі жазушылардан біраз еркінірек стилде жазса жеткілікті. Жоғарыда жазғандарым көпке күйе жаққандық емес, өйткені шынымен де жазу сауаттылығы жағынан да, ой тереңдігі жағынан да 100%-ға көңілден шығатын да блогерлер баршылық. Ондайларға 21ғасырдың тілімен айтқанда respect. Өмірлік тәжірибем бойынша ондай блогерлердің жоғарғы деңгейлерінің себебі біріншіден, кітапты көп оқитындықтарынан, екіншіден журналистиканы не болмаса өзге де әдеби оқуларды бітіргендіктерінен(мен оқитын блогерлердің көбісі сондай). Және оларға тілегім келетіні блог жазумен бастаған жолдары xалық сүйіп оқитын кітап жазумен ұлассың. 

Видео-блогерлер жайлы.

Негізінен ютубтан видео қарау деген тәуелділігімнен біраз уақыт болды арылғанмын, алайда осы жолы тағы да сол ауруды жұқтырып алған тәріздімін. Оған себеп өзіме түрлері де, влог түсіру  бағыттары да ұнайтын блогерлердің пайда болғаны. Бірақ өкініштісі олардың ішінде бір де бір қазақ жоқ, өйткені бұл өнер біздің елге кеш келгендіктен даму деңгейі де өзге елдермен салыстырғанда сәл төменірек және сондықтан да мен өзіме ұнайтын қазақ видео-блогерді жолқытырмадым. Осы тұста бір нәрсе қоса кеткім келеді. Менінше қазақ блогерлерінің еңбектері жоғары дәрежелерге жете алады, алайда қазақ тіліндегі влогтардың көтерілуі екі талай. Бұл келер ғасырда болатын оқиға тәрізді, өйткені видеоблогерлердің табыстылықтарына, бәсекеге қабілетті болуларына әсер етуші фактор ол қаралым саны(просмотр) екенін, ал 17млн қазақтың бұл үшін тым аздығын(оның ішінде бәрі таза қазақ емес екендігі, 5адамның 2уінің ғана ютубпен пайдаланатынын қоспағанның өзінде) ескерсек әлемдік деңгей әзірге біздікі емес. Алайда бұл қазіргі таңдағы өзге де республикалық мәселелердің жанында алаңдауға тұрғысыз. 

Өздерініз білетіндей ютубтың тізгіні  ресейліктер мен ағылшындықтардың қолында. Олардың ішінде Осы бір тамаша желінің және өз тілдерінің арқасында xалықты қандай бағытқа тартатындарына қарамастан табысқа кенеліп отырғандары қаншама. Мысалы, мен көп қарайтын видеоблогерлердің жұмысы - өз киімдерін көрсеу. Бұл сіздер ойлайтындай мүлем одардың мақтаншақтықтары емес, біріншіден бұл олардың наны. Осылай әртүрлі киімдерді сатумен айналысатын сайттарды, дүкендерді жарнамалау арқылы олар табыс табады. Екіншіден, бұл адамды дұрыс киінуге баулиды. Мүмкін олардың бұл әрекеттеріне жастардың еліктеушілігі - болмайтын нәрсені армандау, құр қиял, босқа кеткен уақыт болып көрінен сіздерге, алайда олар ешқашан, мейлі, өмір бойына жетерлік ақша сомасын төлейміз десе де сапасыз заттарды және оларды шығарумен айналысатын дүкендерді жарнамаламайды, өйткені оларды миллиондаған адам қарап отыр. Сонымен қатар олардың бағыт берулері арқылы қарапайым xалық қандай сайттан және қалай тапсырыс беруге, тиісінше қай сайттарға мүлдем жолауға болмайтындығын үйренеді, иә бәлкім көбініз үшін бұл түкке тұрғысыз заттар сияқты көрінер, алайда, алаяқ интернет-дүкендердің құрығына түсіп  сапасыз дүниеге тап болу қазіргі заманда тұрмыстағы ірі проблемалардың бірі болып табылады. Бұл жазғандарым сөзімнің тұздығы болсын, ал негізгі ойым мүлем басқа.

Блогерлік те өнер саласына жатады, өйткені онда да сөз бар, сценарии бар, камера бар. Ең бастысы бұған да шабыт керек, талант керек, қысқасы көбісі ойлайтындай жылтыраған бетін мен мақтаудың түбін түсіретін тілін болса  болды ақша таба салатын сала емес бұл. Олар өз өмірлері жайлы түсіретін видеоларды қарап отырсаныздар дәл қазір емін-еркін отырғаныныздың өзіне ұялып кетесіз, өйткені олар беретін мотивация әрдайым еңбектенуге, өз-өзіне сенуге, тек қана алға жүруге итермелейді. Мысалға өзіме қатты ұнайтын видео-блогердің жетістік жолын келтірейін: Ол Ресейдің кішкентай қалаларының бірінде қарапайым отбасында дүниеге келген, сонда білім алған. Алайда оның тұратын жері оның армандары үшін, болашақтағы жоспарларының ақиқатқа айналуы үшін тым тар болды, ақыры ол басқа қалаға емес бірден басқа елге жол тартты. Жасы бар болғаны 16-17де(осы тұста сол жасынызда сіз қандай жетістікке жеткенінізді ойланызшы). Сол қаладағы атақты оқу орындарының біріне оқуға түсті, пәтер жалдап тұрды. Өзге студенттер сияқты біресе даяршы, біресе сатушы болып жұмыс жасады. Басында қиың болғанымен ол шет тілге де бейімделіп, жат дәстүрге де мойынсынды. Бәрі былайда жақсы болды, алайда бір нәрсе жетіспеді,  ішіненен бір нәрсе шыға алмай жатты. Ақыры ол өзінің өнердің адамы екенін түсінді. Күндердің бір күні "Шетелге оқуға қалай түсуге болады" деген тақырыпта қарапайым ғана ұялы телефонның  камерасына видео түсіріп ютубқа жолдады. Қарап тұрсаныз жай ғана өзінің өмірлік тәжірибесін бөлісу арқылы өз жұмысын бастап кетті. Артынша өз қаражатына дүкендерден біраз киім сатып алып соларды жарнамалады, ақыры ол дүкендер оған өздері киімдерін жарнамалап беру үшін ұсынды. Осылайша ол өзінің нақты жұмысын тапты. Бәлкім оның влог жүргізе бастаған кезі, яғни 2010шы жылдар оның табыстылығына әсер еткен де шығар, алайда ода да қиыңдықтар болмады емес болды. Мысалы жай ғана қаралымның аз болып қалуы үлкен депрессияға,  сол істен мүлдем бас тарта салуға әкелуі мүмкін немесе жоғарыда жазғанымдай ол дүкендер өздері оған киімдерін тегін ұсынатындай дәрежеге жету үшін жарнамалық влогтардың жүзден астамын түсіріп көп шығындалған болар, бірақ сабырлылық оны бақытқа жетеледі. Қазіргі күні оның жүріп өткен жолы өзі үшін қайтып бармастай, алайда өзгелер үшін  үлкен мотивация. Менің бұл кейіпкерім сияқты сіздер де қазірден іске кіріссеніздер болады. Дәл ол сияқты видео түсірініздер демеймін, өйткені әркімнің қызығушылығы әртүрлі, сондықтан тек ұзақтан ойда жүрген дүниенізді дәл қазір іске асырсаныз болады. Сылтаулар бұл себеп емес, олар тек басымыздағы өзіміз құрып алған кедергілер. Қарап тұрсаныз біз жоқ жерден құрып аламыз сол кедергілерді, мысалы "Ол табысқа жеткенде жасы 16да болған ал мен 17демін, демек кеш", "Ол Алматыда тұрған ал мен Ақтөбеде тұрамын", "Оның ағалары бастық" және тағы да басқа да бітіп болмайтын сылтаулар жетіп жатыр. Біз жасы да, тұратын жері де, тіпті отбасындағы адамдар саны да бізбен бірдей болған адамды іздейміз. Жастарымыз бен салмақтарымыз сай келмей қалса болды бұл - үлкен кедергі. Мүмкін сізден айнымайтын, тістеріне дейін сізге ұқсас табысты адам сіздің өзініз шығарсыз? Шамасы мен тақырыптан ауытқып кеттім. Қысқасы айтқым келгені видео блогерлер - шабыт сыйлаушылар, олардың қай-қайсысының болмасын өмір жолы үлгі алуға тұрарлық, мүмкін олар өздері айтқандай соншалықты ауыр жолды жүріп өтпегенде шығар, бәлкім олардың  сөздерінде асырасілтеушіліктер бар шығар, алайда қандай болса да ол -мотивация, ол алға қарай тартылыс. Олардың әлеуметтік желілеріне бақылау жасай отырып сіз күніне 24сағаттан да көп сағат бар екендігін, мүмкін емес нәрсенін мүмкін екенін түсінесіз, ақыры жоқтан бар жасауға бейімделесіз. Видеоблогерлердің жұмыстарының анау айтқандай мемлекеттік маңызы жоқ шығар, алайда руxани маңыздылығы ұшаң-теңіз.