Үзілістерімнің себебі
жеке
блог

Үзілістерімнің себебі

Блог жазбағаныма да  біраз уақыт болыпты. Қарап тұрсам клавиатураны баспай кеткеніме әсер еткен факторлар бір емес бірнешеу екен.

  1. Тоқырау кезеңі - Иә әрбір шығармашылық адамында (шығармашылық дегенім қалай кетті) болатын өте ауыр сәттердің бірі. Шыны керек ең алғаш жаза бастағанымда бұл туралы мүлем ойламаған едім. Жазудың да шығармашылық салаға кіретінін және де көптің айтуы бойынша бұл жолдың ауыр жол екенін біле тұра сол жүкті арқама өзім салған едім. Бірінші жылдары шабыт келмеу, идея таппау дегендер мені алаңдатпайтын, өйткені ол кезде менікі таза әуесқойлықтан болғандықтан ба кез-келген дүние жайлы жазып оны инстаграмымда жариялай беретінмін. Мейлі ол өзім туралы болсын, отбасым туралы болсын, тіпті болмай жатса группамдағы әр балаға міңездеме жазып, әр көрген кинома рецензия жасап, саясатқа да кірісіп кете беретінмін. Ал қазір, бәлкім санамның біраз есейгенінен бе жазуын жазғаныммен оны жариялар кезде біраз ойланамын. Постымның сапасына, ондағы әр сөздің үйлесуіне 10рет оқу арқылы 100рет өзгеріс енгіземін. Оның үстіне Массагетте инстаграмдағы сияқты арзан сөздерді қолдана алмайсың, өйткені бұны өте көп адам оқиды. Мысалы, өзім блог жазумен айналыспас бұрын осы сайттан талай шығарма мен талай тақпақты көшіріп алып мектепте бестік бағаға ие болатынмын, алайда сол кезде бірінші жақтан жазылған мақалалар біраз кедергі тудыратын. Дәл солай менің де жазғанымды өз пайдаларына жаратамын деушілер үшін мен көбінесе бірінші жақтан, яғни өзімнің атымнан жазбауға тырысып-ақ жүрмін, алайда 1,5жыл инстаграмда еркін жанрда жазып үйреніп қалғандықтан бұл әдетімнен толықтай арылуым үшін біраз уақыт керек. Иә, сапаның жақсы болғанын қалауым да  пост жазбай кеткенімнін үлкен себебі. Бәлкім посттарымның кейбіреулер үшін саны да, сапасы да төмен болар, алайда мен үшін әзірге өз көзқарасымдағы сапалы дүниелер ғана осында болуға лайықты. Бұл тұрғыдан басыма тағы да бірнеше ойлар келді. Ақыры үзіліс жариялаған екенмін камбэкті жақсылап жасау үшін және одан әрі өте жақсы мақалалар шығару үшін кітап оқуым қажет деп шештім, өйткені сөздерімнің арзандау екені мені оқитын адамдарға тайға таңба басқандай көрініп тұрады. Алайда бұл жолда тағы бір кедергі пайда болды, ол - сабақ. Өте көп үй тапсырмалары мен сессияға дайындық дегендер кітапқа қолымды тигізбей тек телефоннан блогерлердің жазғандарын ғана оқуға мұрша берді. 
  2. Жоғарыда айтқанымдай екінші фактор - сабақ. Кезінде вконтактеден "сабақ сенің футбол ойнауына кедергі болса, оны таста" деген мағынадығы бір цитатаны көрген болатынмын. Соған орай егер оқуым менің жазуыма, қазіргі xоббиім, болашақтағы нағыз мамандығыма өз кері әсерін тигізіп жатса бәлкім екі жолдың бірін ғана таңдармын деген ой келді басыма. Бұған өз өмірімнен де мысалдар жоқ емес. Мәселен, 9шы сыныпқа дейін математиканы өліп-талып оқығанымның, формулаларды күн демей түн демей жаттағанымның, бір тоқсанда 4болып қалып кішігірім депрессияға түскенімнің  үлкен ақымақтық болғанын мен жүз пайызға мойындаймын, өйткені қазіргі менің мамандығымда математика деген мүлдем жоқ және 9жылғы оқығанымнан тек қосу мен алу ғана менің есімде, ал қалғандарынан миымда құмға сіңген судай із де қалмады. Соған қарап мен мынандай түйін шығардым:  математиканы тек дүкенде сатушыға алданып қалмайтындай деңгейде ғана оқу керек. Иә, үздік оқушы атанып, қызыл куәлік алу үшін бәрін "от и до" білу шарт, алайда олардың өмір сүруге тигізетін пайдасы 10%ға да жетпейді. Өте жақсы оқу ол тек жақсы өмірге апарар жол, алайда жақсы өмір емес. Тап осы математика сияқты заң терминдерінің де менің шынайы мамандығыма әзірге пайдасынан гөрі зияны ғана тиіп жатыр. Біз бәріміз бақандай 11жыл мектепте, 4-5жыл жоғарғы оқу орындарында оқу арқылы уақытымызды зая кетіріп жатқан жоқпыз ба осы? Білім  алу үшін ғана  жұмсайтын 20жылға таяу  уақыттың ішінде шынымен де өзіміз қалайтын дүниелермен айналыссақ,  жанымызға жақын қызығушылықтарымызға көңіл бөлсек, қызыл диплом не болмаса алтың белгі сияқты бір реттік заттарды алу үшін емес, алдағы өмірімізге расында да пайдасын тигізетін, киер киіміміз бен ішер тамағымыз болатын заттар үшін дайындалсақ бізде барлығы барынша жақсы болған болар еді. Осы сияқты сабағым блог жазуға мүмкіндік бермей қойған кезде тым болмаса бір рет үй жұмысын орындамай барсам да бірнәрсе жазайыншы деп те ойладым. Алайда, мен де стереотиптерді бұзуға жасқандым. Не де болса енді 1жыл шыдайын, ата-анамды уайымға салмай дипломдарын* алып шығайын деп шештім.
  3. Шаршау. Ал, шаршаудың өзіне әсер еткен фактор - сабақ. Үстінде бәріне сабақ кінәлі деп жаздым ғой. Бірақ соншама блог жазуға 1минут та уақыт таба алмай бас  көтермей оқитындай  академик емеспін, алайда тіпті тамағымды ішер-ішпестен ұйқыға не болмаса тынығуға кірісетіндей мамандығым жеткілікті түрде ауыр, онын үстіне шаршап-шалдығып есінді білмей жазған дүниеде мән де мағына да болмасы анық. Үзілістерімнің ірілі-ұсақты себептері осылар. Алдағы уақытта каникулға шыққаннан соң қолым босап Массагетіме көңіл бөлетін болармын. Оған қоса жаз бойы ауылда болатынымды ескерсек ол жақ тұнып тұрған шабыт пен идеялардың ортасы. Бірақ сеть жағынан біраз минустар болуы мүмкін, сол себепті жаз бойы ойымдағымды жазып кейін қалаға келген соң ғана олармен біртіндеп бөлісермін. Айтқым келгені Мен ешқашан жазуды тастамаймын, оған деген қызығушылықтарымды өшірмеймін, үнсіздігім қанша уақытқа созылса да әйтеуір бір уақытта жаңа мақалам тағы да  жарыққа шығатын болады.