«ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ» атты шеберлік сынып өтті

«ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ» атты шеберлік сынып өтті
жеке
блог

Дельфий ойындары – талантты жастарды насихаттау, мәдени әлеуетті сақтап, дамыту, мәдениет пен өнердің озық үлгілерінде тәрбиелеу, жастар шығармашылық ұжымдарының кәсіби деңгейлерін арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі.

 Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен Дельфий ойындары аясында Ғ. МҮСІРЕПОВ атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының əртісі — Ерлан Кəрібаевтан шеберлік сынып өтті. 

Шеберлік сыныпта театрдың қызығы мен қиындығы сөз болды. Шеберлік сынып соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.