Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бізге бақыт сыйлайтын тәттінің тарихын білесіз бе?

Бізге бақыт сыйлайтын тәттінің тарихын білесіз бе?

Бізге бақыт сыйлайтын тәттінің тарихын білесіз бе?

Егер сіз өміріңізді шоколадсыз елестете алмасаңыз,  ХVI ғасырда туылмағаныңыз үшін бақытты жан боласыз. Осы уақытқа дейін шоколад орталық Америкада ғана және бізге  мүлдем  таңсық күйде болды.  Біздің заманымызға дейінгі 1900 жылы  орталық Америкада тұратын адамдар какао ағаштарында өсетін какао бұршақтарын дайындауды үйренеді. Өте көне жазбаларда бұл дәндерді жүгері жармасымен, чили бұрышымен тарттырып алады да біздің сүйікті какаоға ұқсамайтын, нығайтатын ащы, көбігі бар сусынды дайындайды.ацтектер

Егер сіз бізді шоколадты бағалауды үйренді деп ойласаңыз қателесесіз. Себебі, орталық американдықтар бізден әлдеқайда көші ілгері тұр. Олар – какаоны майялардың басты құдайының бірі, қанатты жылан – Кукулкан, ал ацтектерде – Кетцалькоатль  адамдарға тарту еткен  екен деседі.  Оны «құдайлар асы» деп атаған. 

Ацтектер какао бұршақты ақша  айналымдарына енгізген және оны патшалардың тойында какао сусыны ретінде қолданған, сонымен қатар, сарбаздарға ұрыстағы ерлік істері үшін ұсынған.  Ол әртүрлі ритуалдарда да қолданылды.  

Тұңғыш рет какао 1519 жылы Эрнан Кортес Монтесума көсемнің (ацтектердің жоғарғы басқарушысы)  Теночитландағы сарайына жасаған сапарынан кейін  Атлант мұхитынан өтті. Кортестің жанындағы лейтенанттардың бірінің жазбасында императордың алтын тостағанға құйылған 50 құмыра сусыны болғаны жазылған.  Жаулап алушылар ерекше бұршақтармен еліне қайтып оралғанда жергілікті үндістердің айтулары бойынша какао бұршақтар "афродизиак" деген атаққа ие болды.  Олар бастапқы кезеңде  какаоны  ащы дәміне байланысты дәрі-дәрмек ретінде іске жаратты.  Мысалы, оны асқазан ауруларына қарсы ем ретінде қабылдаған. Какао бұршақтарын бал, қант немесе ванилинмен қоса  қолданылуы какаоның испан сарайындағы танымал тәттіге айналуына септігін тигізді.  Испан халқының арасында танымалдылығының тез артуынан 1600 жылдары әрбір испан отбасы шоколадқа арналған ыдыс-аяқтарды алуды әдетке айналдырды.кортес

  Бірақ әлемге әйгілі сусынды өндіріс көлемінде жасап шығару өте қиын әрі ұзақ жұмысты қажет етті. Бұның әсері Кариб аралдары мен Африканың батыс жағалуынан әкелген құлдардың еңбек күшін пайдалануға апарып соқты.

Шоколад әлемі 1828 жылы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Конрад Ван Хаутен есімді Амстердамдық ғалым  какао бұршақтарды нығыздайтын машина ойлап тапты. Ван Хаутеннің  құрылғысы какао бұршақтан какао майын бөліп шығара  алатын мүмкіндік берді. Нәтижесінде бұршақтан бізге таныс қатты шоколадты алу үшін сұйық күйге өте алатын ұнтақ қалады.  Біраз уақыттан кейін атақты шоколотье (шоколад өнімдерін жасап сатушы адам) Даниэль Петер сол қоспаға құрғақ сүт қосып сүтті шоколадты ойлап табады.ван хаутен

ХХ ғасырдың басында шоколад қоғам элитасының сән-салтанатын көрсететін  белгі болудан қалды. Қарапайым адамдар да дәмін тата алатын тәттіге айналды.  Сұраныстың артуына байланысты экватор  аймағында ғана кездесетін   какао бұршақтарды өсіру үшін арналған  жер көлемі  үлкейтуді қажет етті.  Осыдан кейін, Африкадан келетін  құлдарды Оңтүстік Америкада орналасқан плантацияларға тасымалдаудың орнына оның өндіріс орнын батыс Африкаға ауыстырды. 2015 жылғы деректерге сүйенсек, әлемдегі какаоның 2/5 бөлігі  Кот-д’Ивуардағы плантацияларда өсіріледі екен.тәтті емес шоко

Өндірістің өсуімен қатар адам құқығының жоғары деңгейде бұзылуы көбеюде. Батыс Африканың Еуропа мен АҚШ-тың компанияларын какаомен қамтамасыз  ететін көптеген плантацияларында жұмыс күші ретінде құлдар мен балалар күшін пайдаланады. Нақтырақ айтар болсақ, 2 миллион  баланың күші! Бұл күрделі де қиын мәселе ірі өндірушілер  Африка билік өкілдерімен келісуге талпынса да әлі күнге дейін өз шешімін таппады.балалар еңбегі

Қазіргі таңда шоколад заманауи мәдениеттің ажырамас бөлігі. Колониалды және жергілікті мәдениеттің араласуынан,  жарнама күші арқылы шоколад біз үшін нәзіктік, еліктіргіш дәм  аурасымен оралған күйде көрінеді. Шоколадтың көлемді өндіріске ену тарихын білу арқылы осындай ассоциациялардың қайдан бастау алатынын  және олардың артында не жасырын тұрғанын түсінгендей болдық.  Келесі тақта шоколадты  ашар кезде шоколадқа қатысты нәрселердің барлығы тәтті дәмді иеленбейтінін ойлағаныңыз жөн болар...

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 27 мамыр, 21:15
Тегтер: бақыт гормоны, шоколад, Ван Хаутен, Нестлер, ацтектер мен майялар, орталық Америка
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.