әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  және "Академиялық ықпал" бағдарламасы
жеке
блог

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және "Академиялық ықпал" бағдарламасы

Биылғы оқу жылы ҚазҰУ үшін сәтті өтті: әлем университетерінің арасындағы 236-шы орын, ҚР ЖОО-ларының арасында 1-ші орын, БҰҰ аясындағы халықаралық конференцияға төрағалық, он алтыншы "Ақпараттық технологиялар" факультетінің ашылуы, бірнеше алыс-жақын шетел орталықтарының ашылуы- тағы бір оқу жылының бос кетпей, білікті маман даярлауға жұмсалғанын, әлемдік аренада Қазақстанның білім-беру саласындағы қыруар еңбек еткендігін дәлелдейді.

Бұл жолы Ұлттық Университет үшін кезекті жеңіс - БҰҰ-ның жоғары сенімі, яғни отандық жоғары оқу орындары арасында тұңғыш рет "Академиялық ықпал"  бағдарламасының ғаламдық хабына 2020 жылға дейін жетекшілік етуі. Бұл шешім университеттің тұрақты даму саласындағы табысты басшылық қызметі негізінде қабылданды. 

2014 жылдан бері ғаламдық хабты басқарып келе жатқан ҚазҰУ жұмысы жоғары бағаланып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Қоғамдық ақпараттар депатраментінің директоры, БҰҰ-ның "Академиялық ықпал" бағдарламасының жетекшісі Раму Дамодаран әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтановқа тиісті сертификатты табыс етті.

Айта кетелік, "Академиялық ықпал" бағдарламасы - адамзат өркениетінің дамуын қамтамасыз етудің он қағидасын жүзеге асыру мақсатында әлем университеттерін біріктіретін бағдарлама.  Ал, осындай маңызды іс-шараға ҚазҰУ-дың басшылық етуі - еліміз үшін мақтаныш, зор қуаныш.

Дайындаған: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің 1-курс студенті Ниязова Асылжан

Куратор-эдвайзер: Нұртәліп Шәріпқазы