Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жылжымалы пандус орнатты

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау бағдарламаларын іске асыру мақсатында ізгілікті шара өтті.
Шара аясында Алматы қалалық мүгедектер қоғамы кесенеге зиярат етіп келуші мүгедектерге арналған жылжымалы пандус сыйға тартты.
Айтулы жиынға  Қазақстан мүгедектер ұйымдары одағының төрағасы Аманбаев Әли Әбділдаұлы  мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК директорының орынбасары Серік Үркімбаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков және  қала тұрғындары мен қонақтары қатысып, салтанатты түрде лентасын қиды.
 
 


Бөлісу: