Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Менің балалық шағым

Менің балалық шағым

Менің балалық шағым

Менің балалық шағымның есімде қалған тұстары өте сирек, өйткені мен жадым нашар адаммын. Балалық шағым түгілі бір жұрма бұрын не болғанын да ұмытып қалсам бұл таңқаларлық жайт емес. Алайда, балалық шағымдағы кейбір өте ерекше оқиғалар өздерін ғасыр өтсе де оңайлықпен ұмыттыра қоймас. Ал оларды есіме түсіруге өз септігін тигізетіндер сандары да, сапалары да онша емес фотосуреттер. Егер, маған ата-анам «бұл суреттегі сен» деп көрсетпесе мен өзімді танымаған болар едім, өйткені ол кездегі мен мен қазіргі меннің арасында өте үлкен айырмашылықтар бар. Ол кезде менің шашым ұлдардікіндей қысқа, түрім де қыз деуге келмейді, киімдерім де ағамнан қалған шортыфутболкалар*. Шашымның қысқа болғанының себебі анам өз жас кезінде, дәлірек айтқанда 90жылдарда сән болғандай ұзын шашты ұнатпайтын, өсіп кетсе болды қырқып отыратын. Иә, мен балалық шағымды есіме түсіргенде өзге емес дәл осы бейнем көз алдыма елестейді, себебі барлық суреттерім тек осы киімдер мен тек осы шаш үлгісінде жасалған. Әйтеуір қаладан келген апайымның фотоаппаратына мама-папамыздың күштеуімен суретке түсіп алатынбыз. Қазіргідей оларды карточка қылып шығарып алу үшін 1-2секунд уақыт емес кемінде 1-2ай тосатынбыз. Әрине қазіргі заманда оны қағазға шығарудың, фотоальбомға салудың еш қажеті жоқ, себебі бәрі телефонымызда сақталады. Ал ол кездері үйдегі суреттер санынан фотоальбомдардың саны көп болатын, өйткені фотоальбом – туған күнге де, жаңа-жылға да, қысқасы барлық мерекелерде берілетін ең тамаша сыйлық. кейін қарақұлақтанып өсіп, заман біраз жақсарып, суретке түсуге мүмкіндіктер көбейе бастағанда өзімізге жеке альбом бастайтынбыз. Ағам екеуіміз кімнің суреттері көп болады екен деп көп таласатынбыз. Бір күні екеуіміз бірге түскен суретке таласып қатты ренжісіп қалғанымыз есімде.

Картинки по запросу фотографОл кездер шынымен де тамаша еді. Бұл ең белсенді (активный) балалық шақтардың бірі болатын. Жазымызды судың жағасында балық аулаумен, қысымызды төбешікте шаңа тебумен немесе мұзда сырғанаумен өткізетінбіз. Қазіргі балаларды әке-шешелері үйден шығара алмай әуре болса, бізді керісінше үйге кіргізе алмай қиналатын. Бала болған соң ойын қуып ауылды асып тауға шығып, балық аулаудың азартына түсіп тоғайды аралап кететін кездеріміз де болатын. Менің 3-4жастағы ұл кездерім 6-7жасымда да өз жалғасын тапты, өйткені біздің көшеде қыз балалар жоқ еді, сондықтан мен өншең ұлдардың ортасында шолжаң болып өстім. Ол кездердің ойындары да ұл-қыз деп бөлмейтін. Жаз сайын ауылдың шебер, қоржыңдары майлы балықшылары кезекті жорықтарына шығады. Олардың құралдары ең мықты. Ағашқа байланған қыл немесе жіп, басында папамыздың қорапшасынан ұрлап алған майысқан шеге. Ал егер қармағың жоқ болса бұл проблема емес, тек үйден ескі пердені(шторды) анана  көрсетпей ұрлап алып келсен болды. Ауланған балықтарды сақтайтын ең мықты контейнерлер – шыны шишалар(бутылкалар). Штормен балық аулаудың өзі бір тамаша болатын. Екі бала судың бір жетінен екінші шетіне дейін шторды жауып, астынан балық өтіп кетпестей таспен бастырып ұстайды, ал қалғандары джунглидің жабайы маймылдары сияқты жан ұшыра айқайлап, суда қанша тас бар сол тастардың барлығын ашып, балықтарды үркітетінбіз. Бұндай жолмен кем дегенде 10-15балық, 1-2бақабас аулап алуға болатын. Балық дегеніміз де керемет қой – өншең шүйтішкілер*. Мені олардың жылтыр терілері ұнайтын, құдды қазіргінің антистрестері еді ғой, ал кейбір балалар кәдімгіше от жағып қақтап жейтін оларды(неткен жауыз болғанбыз). Біздердің балық аулауымыз азаннан кеш батқанға дейін болатын. Осы кезде анамыз «үйге қайт, таяқ жейсін» деп қашаға шығып алып 10рет шақыратын. 11ші рет дегенде шынымен де дайындап қойған таяғын қолына ұстап, судың басынан желкелеп тұрын алып кететін(қазіргі заманда таяқпен ұрса анасы екеніне қарамай арыз жазып тастайтындар бар). Осы кезде ғана есімізді жиып үйге қарай жүгіретінбіз. Менің бала күнімде ақылды болғаным соншалық таяқ қатты батпасын деп үйге анамнан  бұрын 180ге басып отырып жетіп алатынмын да тез-тез қабат-қабат киініп алатынмын. Шынымен де бұл әдістің пайдасы бар. Лайфхакың кәдімгі.

Картинки по запросу детские зимние игрыАл қыста ойындарымыз екі локацияда жүретін. Бірі – «Нарынның»(біздің ауылдан ағып өтетін өзен) жағасындағы мұз айдыны, екіншісі – ауылымыздағы ең үлкен төбешік – Сәшке ағайдың төбешігі. Су жағасында мұз болып қатпай қалған қарлар әдемі кристаллдар түсетін. Олар да антистресстің бірі болатын. Кейде қарға «терезенің жақтауына ойып жаздым атынды» деген сияқты өзіміздің бала ғашықтарымыздың есімдерін түсіретінбіз. Бұл сол заманның ең күшті намектері еді.

Ал қатты болып қатқан мұз үстінде кәсіпқой* хоккейшілердің матчтері өтетін. Таяқшалары - басы сәл қайырылып біткен ағаш, шайбалары -  жылқының қиы, конькилері әкелері жас кездерінде киген байланбалы коньки. Оны дұрыстап кию үшін, белдігін дұрыстап тарту үшін үлкен күш қажет. Алайда, онсыз да коньки тебе алмайтындар үшін ол маңызды бола бермейтін, оданша қара пиманмен жүгіре бергенің әлде қайда ыңғайлырақ. Бұл ойынның төрешісі де болмайтын, әркім өз білгендерінше ойнай беретін, есесіне көрермендері әр үйдің қорасының  немесе үйілген маясының үстінен қарап «кімнің баласы жақсы ойнайды екен» деп сынай, бір жағынан, қызық көріп қарап тұратын.

Төбешіктің басында ең экстрималды трюктер жасалып,  Дос360, Мира780 дейтін шаңалардың жарыстары өтетін. Шаңаларды кәдімгіше бәйгеге ат баптағандай даярлайтынбыз. Табанын қырау басып қалса қырып, жібін мықтап байлап, үйдегі бар көрпе-көпшіктерді үстіне жайып түскі асқа тыңқия тойып алған соң тоң, биялайларымызды киіп алып төбешіктің басында жиналу әр сенбі-жексенбінің дәстүрі болатын. Кімнің шаңасы алысқа баратыны, соңғы жұманың чемпионы кім болатыны аңықталатын жарыс түсте басталғананнан кеш қарайғанға дейін, тіпті қызып кетсе мама дейтін будильниктеріміз шақырмайынша жалғаса беретін. Шаңалар жарысында «ең үлкен шаңа», «ең жүйрік шаңа», «ең әдемі шаңа» және «ең ыңғайлы пакет» деген номинациялар болатын. Иә-иә шаңасы жоқтар, пакетке көпшік салып алып сырғанайтын. «Ой оныкі пакет» деген кемсітулер болмаса, пакет дегенің кез-келген шаңанды екі орап әкететін. Үздіктерді марапаттау рәсімі де болмай қалмайтын. Қардан жасалған кубоктар ойын барысында шаңаға қызықпайтын балалардың шеберханаларынан шығатын. Осындай ойыннан соң үйге ерте қайтсақ та, кеш қайтсақ та анамыздан біраз сөз еститінбіз. Себебі үйден құп-құрғақ шығып, су-су болып келетінбіз. Жүннен тоқылған шалбарларымызға, биялайларымызға түйіршік-түйіршік болып жабысқан қарлар еріген кезде 1шелек су шығатын. Осындай ойыннаң шаршағанымыздан анамыз даярлаған кешкі асты да ішуге шамамыз келмей ұйықтауымыздың өзі бір тамаша еді.

Картинки по запросу ребенок играющий на телефонеКейін 2010шы жылдарға таяу ауылымызға телефон деген бәле ене бастады. Сол кездерде өте қарапайым болса да симс деген телефонның ішінде 5-6ойын түрі болатын. Ағам екеуіміз сонымен таласа-тармаса ойнаушы едік. Әттең, сол кезде виртуалды әлемге бастайтың баспалдақтан өтіп бара жатқанымызды білсем, мүлдеп электронды заттарға жоламаған болар едім. Уақыттар өтті симстардың заманы бітіп, нокиаға көшіп «змейкаға» оралдық та қалдық. Судың жағасы, төбешіктер, футбол алаңдары қаңырап бос қалды. Қазір де ауылға барған сайын өз иелерін таба алмай тұрған сол жерлерге қарасам жүрегім сыздайды. Көбісі ауыл балалары нағыз ойынның балалары, үйдің жүзін де көрмей шаң-шаң болып доп қуалап жүреді деп ойлайды, алайда олай емес. Қазіргі күні ауылдың да дамып кеткені соншалық олар да телефонның түрмесіне қамалған, олардың жанында қала балалары біраз болсын дворды шуылдатып бірденелерін ойнайды ғой. Бұл жерде балаларды да кінәлауға болмайды, өйткені олар көргендерін жасайды. Біздей аға-әпкелерінен, әке-шешелеріне дейін одан қалды ата-әжелеріне дейін виртуалды әлемде жүрсе ол бейбақтардың шынайы әлемде жүргендерінен не пайда. Тіпті бір үйде отырып алып вацап, вк арқылы сөйлесетіндерді, бір-бірлерімен тек вайфайдың кілтін сұрау үшін ғана тілдесетіндерді  де көріп жүрміз. Қазіргі мамалар инстаграмдарына, вацаптағы «подружкиларына» уақыт табу үшін 3-4 жасар балаларының қолдарына төртбұрыш бәлені ұстатады да «Маша и Медведті» қосып бере салады. Вуаля, сіздің де құлағыныз тыныш, баланыздың да көңілі жай. Тіпті ата-анасы қосып бермесе де өздері қосып алып жатады. Жастарына жетпей инстагармда тіркелгендері де қаншама. Кей жас аналардың да қазіргі модасы сол кішкентай балаларына бір аккаунтты арнап сонда фото, видеоларды жүктеу арқылы аз да болсын танымалдылыққа ие болу. Біз олардай жастарымызда әлеуметтік желінің бірін де білмейтінбіз, жанағы «Маша и Медведтерді» үйдегі бақандай 3поколенияны тәрбиелеген  совтеский теледидардан ғана көретінбіз. Онда да бір сериясын 10рет қайталай беруші еді. Осындайда кейде әкеміз қалаға барған кезде дисктерге мултфильмдер жазып әкеліп беретін, музыкаларды да сол двд-дан еститінбіз.  Бұнын барлығы сол заманның естеліктері. Қазір бұлардың бірі де ешкімді қызықтырмайды. Орындары – үйдегі серванттағы шаң басқан сөрелер. Тіпті кейбіреулер оларды баяғыда-ақ қоқысқа тастаған болар, алайда біздің үйде олар көзіміздің қарашығындай сақталған. Өйткені олар біздің балалық шақтарымыз, біздің кешегі күніміз.

Мен дәл қазір біздің балалық шағымыз осындай еді, осындай еді деп айтып отырғаныммен өзім де әлеуметтік желінің тұтқынымын. Себебі заманның талабы солай. Алайда заман солай екен деп 3-4жастағы балаларға да айфонның түр-түрін ұстатып қоятын ата-аналардың жасап жатқандары дұрыс емес. Үлкендердің оларға айтатын ақылдары «Көзінді бұзасын». Сонымен болды. Бұрынғыдай «Бүжәй келеді», «Укол салам», «Құлағынды кесіп алам» дейтіндерге қазіргі тентектер пысқырып та қарамайды. Бұрын бізді ойынға барудан тежейтін ол мама-папамыздың «сабағын нашарлайды, енді ойнауға бармайсын» деген ұрыстары еді. Оның өзінде ол ұрыс бізді көп дегенде 3күнге ғана ұстап қалатын. Қазір ше? Қазір кіп-кішкентай қара төртбұрыш балалардан бастап барлығын да үйге байлап қойды. Телефонда отырып таңның қалай атқанын, кештің қалай батқанын білмей қаламыз. Телефонға телміріп күні бойы күн көзін көрмей кететін, ас-суымызды да ішпейтін кездер болады. Иә, мен оның барлығын білемін. Басқаларда біледі телефонның зиянын. Бірақ неге? Неге біз біле тұра сол жаман дүниелерге өзімізді құрбан етіп жатырмыз? Неге заман талабы солай деп солай емес екендігін біле тұра өзімізді алдап жүрміз? Жарайды бұрынғыдай доп қуып ойнамай-ақ қояйық, шаңғы-шаңа теппей-ақ қояйық  тым болмаса кітап оқиықшы. Кітаптың қадірін менен артық кім білсін. Бір күні үйден қазақша бір кітап тауып алдым. Қызығына кіріп кеткенім сонша телефоным бір бұрышта қала берді шаң басып. Иә, телефонның орнына кітапты өзініз де, балаларыныз да серік ете  білсеніздер дәл қазіргідей дүбәра күйге түспес едік. Көбісінің ойынша техниканың тілін білген адамдар ғана ең ақылдылар. Ондай адамның тілін білмейтін ақылдылардың барынан жоғы артық. Балаларына ана тілдерінен бұрын техниканың тілін үйретуді жөн санайтын ата-аналардың бұл қылықтанының басты себебі де сол стереотип.

0
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 03 мамыр, 15:23
Тегтер: детство балалық шақ игры
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.