Мамандық таңдау қаншалықты қиынға соғады?
жеке
блог

Мамандық таңдау қаншалықты қиынға соғады?

Қазіргі таңдағы өзекті мəселелердің(проблемалардың)бірі бұл-мамандық таңдау.Яғни көп жастарымыз бастауыш сыныптан бері білім алып келеді де,он бірінші сыныпқа тақаған сəтте ғана ойлана бастайды.Мен кім болғым келеді не болмаса қандай мамандық таңдаған жөн.Солай біраз жүреді əрі кетсе бір ай ойланады.Ойлана келе бір мамандықты таңдайды.Кейін екі ай өткеннен кейін тағы да басқа мамандыққа ауысады.Солай жүре келе уақыттың да қалай өтіп кеткендігін байқамай қалады.

Ал қазір өздеріңіз білетіндеріңіздей ҰБТ былайша айтқанда Ұлттық Біріңғай Тестілеу форматы өзгертіліп,жаңартыланды.Бұлай деп отырған себебім,қазіргі таңда жастардың тең жартысы өздерінің шамасы жететін не болмаса өздеріне лайықты,қалап отырған мамандықтарына түспейді Олардың ойлайтындары ең бастысы бір саланың маманы болып шығу не болмаса қаражаты көп мамандықтың иесі атану.Əрине əркімнің таңдауына қарсы шығу бұл да дұрыс емес.Себебі,бес саусақ бірдей емес.Алайда сен мамандықтың дәрежесіне қарамауың тиіс мейлі ол төмен не болмаса жоғары дәрежелі болсын немесе оның қаражаты төмен не жоғары болсын ең бастысы адамның сол мамандыққа деген құлшынысы.Егерде сен өз ісіңнің шебері болсаң сенің қолыңнан небір асуларды бағындыру келеді.Сол себепті қазірден ойлану қажет,қазірден дайындалу керек.Егер де сен кім болғың келетіндігіңді қазірден ойланып,шешіп қойсаң онда кейін де сен ешбір қиындық көрмейсің.