Жалқаулықты жеңудің жеті жолы

Жалқаулықты жеңудің жеті жолы
жеке
блог

Шын таланттың өзін құрдымға жіберетін қас жауы - жалқаулық. Сіздің арман-мақсатыңызға жету жолындағы ең басты кедергі - жалқаулық. Жалқаулықты жеңудің жолдары, өмірде өз мақсатыңды табу, арманға жету үшін әрекет ету, т.б. айтыла-айтыла жауыры шыққан тақырыптар. Алайда осы уақытқа дейін сол тақырыптарды оқыған, түрлі тренингтерге барған адамдардың 10 %-ы ғана әрекет етеді. Ал 1-2%-ы биік шыңды бағындырып, өз еңбегінің жемісін жейді. "Еріншектің ертеңі бітпес" демекші, сіз келесі дүйсенбі, келесі ай немесе келесі жыл әрекет етуді бастаймын деп өз-өзіңізді алдап жүріп, жалқаулық деген шырмауықтың шырмауына қалай түсіп қалғаныңызды аңдамай қаласыз. Алайда сол шырмауықтың жібін үзу немесе сізді шырмаған шырмауықтың ары қарай қаулап өсуіне жол бере салу өз қолыңызда екенін қаперіңізде ұстаңыз. Бойыңыздағы жалқаулықты жеңудің жеті жолын ұсынамын:

1)Ешқашан кейінге қалдырмаңыз;

2)Ұлылардың ұлағатты сөздерін оқи жүріңіз 

3)Таңертең тұрған соң істейтін іс-әрекеттердің тізімін жасап, әрқайсысының уақытын белгілеңіз. Уақытыңыздың пайдасыз нәрсеге кетіп жатқандығы жайында ойларыңыз.Бүгін еріншектік ертең неге апарып соғарын ойлаңыз.  

4)Әрбір істі жүзеге асырғаныңыз үшін өзіңізге сый жасаңыз 

5)Өз-өзіңізді қолға алыңыз. 

6)Жалқаулық басып тұрған шақта жинақталуға бес минут арнап, терең тыныстаңыз. Еңбектің рахатын сезініңіз

7)Қиын шаруалар болса, бөлшектеп тастаңыз. 

Дәл қазір сіздің бойыңызда мотивация бар. Уақыт жоғалтпай дереу әрекетке көшіңіз. Онсыз да осы уақытқа дейін көп уақытыңыз ысырап болды. Бүгін ұйықтап жатып аузыңыздан аққан сілекей ертең көзіңіздің жасына айналмасына кім кепіл?