сағынышым сен...

сағынышым сен...
жеке
блог

Бір кез құшағыңа бассаң, бір кез қолыңды созсаң, бір рет қолымды тұтып “өтті бәрі” десең, бір рет маңдайымнан иіскесең,  бір рет келсең қасыма, “сағындым ботам” десең СЕН жоқ кездегі барлық қасіретім, бар дертім ұмытылар еді. Баяғыдай  кеудеңе қойсам басымды, жүруді үйренгендегідей тұтсам қолыңнан, алғаш оқып берген кітабыңды тыңдасам, сенің даусыңды естісем басым көкке жетер еді. Иә, бірақ бәрінен қиыны “оралмайтын адамды сағыну” деп өзің айтып едіңғой, сол қиындықты кешіп жүрмін. Бірақ енді сенің дауысыңды соққан желден, көздеріңнің шуағын күннің нұрынан, мейіріңді жауған жаңбырдан, маған ашуланғаныңды қыстың қаһарынан, сағынышыңды күздк үзілген жапырақтан алып жүрмін. Өйткені, өзің үйреттің мені табиғатпен сөйлесуге, өзің үйреттің өзіңе деген сағынышымды осылай басуға.

Жо жоқ! Жағдайым жақсы. Себебі, жүрегімнің төрінде СЕН!