Пенделік жолы

Пенделік жолы
жеке
блог

 "Өмір" төрт әріптің астарында қаншама мән- мағына жатыр десеңізші?! Кейде сол мағыналы өміріміз біз ойлағаннан да қысқа болып жатады. Көз жұмар сәтінде біреулер өмірді бастағысы келетін болса,  біз пендешілікпен өмірімізді бағаламайды екенбіз.

  Бұл мәселені жазуда маған түрткі болатын жағдайлар өте көп. Тіпті, бұл жағдайлар менің де басымнан өтетін құбылыстар қатарында. Мысалы, біз өмірге келдік, жақсы адам болып шығу біздің мақсатымыз екендігі айдан анық. Алайда, осы сүріп отырған өмірімізге риза болмайтын кездеріміз де болады. Риза болмау деген нәрсе негізінде, Жаратқанға ренжумен пара-пар келеді. Риза болмай, еңбек етсек бір жөн. Мен бұл тұста, риза болмай,еңбек етпей,құры ауыз сөзбен ренжитін пенделер жайлы айтқым келіп отыр. Мұндай жағдайлар қарапайым өмірде күнделікті орын алады. Сәуленің көлігі бар, менде жоқ. Мақсаттың  жеке қожалығы бар, менде жоқ. Бұл- жоқты еңбек етсе оларда табуға болады ғой. Адамның бағындыра алмайтын нәрсесі жоқ. Адамның қолынан бәрі келеді.  Немесе қарапайым нәрсе Айдананың көйлегінің әдемісін-ай бірақ ондай менде болмайды, болса жараспайды, менің аяқтарым қисық, мен толықпын дейтін қыздар да кездеседі. Бір күні, мынадай қызық жағдайға тап болдым. Дәріханада кезекте тұрғанда екі қыздың әңгімесін құлағым шалып қалды. Біріншісі ұялы телефонына суретке түсіп тұрып, екіншісіне -"түрімнен жалығып кеткенім-ай, елдердікі сияқты маған неге әдемілік бермеген."- деп тағдырына налып тұр. Енді түрінде тұрған ешнәрсе жоқ. Келісті, сүйкімді қазақ қызы. Осының барлығы тағдырға налу, өз өміріне риза болмау. Жарайды қаражат мәселесін шетке ысырып тастағанның өзінде, біз міндетті түрде өзімізді төменге түсіріп, мен сондаймын, мен жаманмын дейтіндер аз емес.

  "Бәрінде бар менде жоқ.Менің-ақ жолым болмайды",-деп  айту бос әурешілік. Осындай жағымсыз сөздерді айтқанда, психология заңдылығы бойынша, жағымсыз дүниелер қалыптасады. Сіз жолым болмайды, дей берсеңіз-жолыңыз болмайды әрине. Ал, керісінше жақсы дүниелер ойласаңыз соғұрлым жақсы нәрселер қалыптасады. Есіңізде болсын, "Жаман дүниелердің орындалуы тез, жақсы дүниелердің орындалуы сабырлылық пен шыдамдылықты қажет етеді"Әрі еңбектенсеңіз, түбі бір нәрсе болатыны жасырын емес.

Өмірімізге нали бергенше, әрекет етейік ағайын! Өзімізді төменге түсірмейік! Бүгін болмаған дүниеміз ертең болатынын естен шығармайық. Біздің қолымыздан бәрі келеді!Алға ұмтылыңыз, биікке самғаңыз!