ТАРАЗДА ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАЛАРЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛАДЫ

ТАРАЗДА ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАЛАРЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛАДЫ
жеке
блог
2018 жылдың 16 сәуiр күнi Жамбыл облысы Тараз қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК мен "Ежелгi Тараз ескерткiштерi" тарихи-мәдени қорық-музейі» «Ұлы Дала Елінің жазба жауһарлары» атты көрмесінің ашылу салтанатын өткізедi. 
Атаулы шара Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылуда.
Түркі жұртының тәу етіп, рухани тамырын түйістірген Түркістан қаласынан жеткен Қожа Ахмет Ясауидің артында қалған мұралары  "Диуани хикмет" кiтабының қолжазба нұсқалары мен "Пақырнама" еңбегi, "Насабнама" шежiрелiк қолжазбасы және өз заманында қолданған мөрі, қолжазба көшірмелері, сол дәуірде қолданыста болған шырағдандар мен ұлы тұлғаның соңынан ерген шәкірттері Сүлеймен Бакырганидың «Диуан» қолжазба еңбегі, Имам Магрудидің «Қисса» қолжазба еңбектерінен құралған тарихи көрме  ағымдағы жылдың 30-шы сәуiр күніне дейін Тараз қаласының қонақтары мен тұрғындары назарына ұсынылады.