Жақсылық жолында жарысқандар...
жеке
блог

Жақсылық жолында жарысқандар...

    «Әлемге мейірімді жүрек керек» деген ұранды жандарына жалау еткен жастар бүгінде кейбір жұмыр басты пенделерге үлгі-өнеге көрсетіп жүр.«Көмек» Қоғамдық Қоры ата-ана назарынан тыс қалған қаракөздердің қуанышы үшін қызмет етіп келе жатқан бірден-бір ұйым.Атқаратын қызметі ҚазҰУ қалашығынан тысқары.Яғни,жұмыр жүректі пенденің бәріне жаутаңдап отыратын бөбектермен жұмыс жасағандықтан,Алматы қаласының «балалар үйлерімен» тығыз байланыста жұмыс атқарып отыр. Қазіргі таңда ҚазҰУ-дағы 14 факультеттің барлығында жұмыс жасап жатқан бұл Қоғамдық Қордың Алматы қаласы бойынша қарамағында 9 балалар үйі бар.Сондай-ақ,ұйым тек қана балалармен шектелмей тұрмысы нашар отбасылармен және қарттар үйімен де тығыз байланыста.Қарттар үйінде шахматтан турнир,би кештері ұйымдастырылып қазыналы қарттарымыздың жарым көңілдерін марқайтып қайту еріктілер үшін маңызды шаруаға айналған.

    Механика және математика факультетінің еріктілері Семятова Алинураның жеке басшылығымен «Алпысқа келгеннен ақыл сұра» атты қарттардың жазбаларын мұра ретінде қалдыру мақсатында арнайы кітап шығарылды.Ұйымның құрылғанына көп жыл толмаса да,қарыштап,қанатын көкке сермеп келеді.Ұйым тарихында кішкентай қаракөздердің періште тілегін орындайтын «Армандар ағашы» яғни,республикалық деңгейде өткізілетін «Charity Wish tree» жобасының алар орны ерекше.Бұл ағашта балалар үйіндегі балапандардың арман-тілектері жазылған,және осы тілектерді еріктілер орындау арқылы бала көңілде қалған жараны бір сәт болсын ұмыттыруға тырысады.Айта кетерлік жайт,2017 жылдың қорытындысы көңіл қуантарлық.Себебі,балалар тілегін жүз пайыз орындауға тырысып,көңілдеріне кірбің ұялатудан жасқанатын мейірімді жүрек иелері үш мыңнан аса періштенің  бал тілегін орындады.Бұл бір жағынан еріктілер еңбегінің нәтижесі,келесі тұсы қоғамда мейірім көрсетуге,қамқорлық танытуға бейім адамдардың санының көбейгенін көрсетеді.Яғни,«жақсылық көрсең біреуден» демекші игі істің нәтижесі мен берер үлгі-өнегесі  жөнінен өз мақсаттарына жетіп жүр.Балалардың күлкісі мен қариялардың ақ батасы-біздің еріктілеріміздің мол байлығы,сарқылмас қазынасына айналған бүгінде.

    2010 жылдың қараша айы салқын самалымен жанды суытса да,көңілдегі мейірім шырағын үрлеп өшіре алмады.Көптеген жалынды жастарды мейірім мен шапағатқа жетелеп жүрген Қоғамдық Қор осы жылдан бастап қызметіне қызу кірісті де кетті.Әр жұмысқа кірісер алдында еріктілеріне үлкен сеніммен,шегі жоқ жауапкершілік жүктейтін «адам жанының арашасына» айналған дәрігерлерден айырмасы жоқ десек те артық айтпағаным.Себебі,адам жанына түскен жараның бетін тырнап алмай,жеңіл әңгімемен сан түрлі саналарға ой салу отбасыға айналған алып жанұяның мақсаты.

     Жақсылық істеуден жалықпай,жасағанына өкінбей,күн санап бозбала мен бойжеткен жүрегі мейірім мен шапағатқа толуда.Бауырында 485 еріктісі бар үлкен отбасының бүгінгі тыныс тіршілігі мен қам-қарекеті осы.

«Көмек» Қоғамдық Қоры,Журналистика факультеті