«Жарқыраған жұлдыздар »
жеке
блог

«Жарқыраған жұлдыздар »

    «Өнер мен мәдениетте шекара жоқ»,-дейді дана халқымыздың көне көз қариялары.Қазақ халқы көмейден шыққан ән арқылы мұң-мұқтажын жоқтап,қуанышын шартарапқа жариялаған халық.Тәуелсіздіктің ақ таңы атқанда да,қылышынан қан тамған алмағайып замандарда да қазақ ән шырқап,баласына «әлдиіне» айтып тәрбиелеген халық. 

      Тәуелсіз елдің ұрпағы да тәуелсіз.Өнер үйренем десе де,тіл үйренем десе де, ғылым қуып ғалым болса да өз еркінде жастарымыздың. Елбасымыздың «ел болашағы жастардың қолында»,-деп үлкен сенім білдіруі  де тегін дүние емес.

    «Өнер деген-өмір сүру іздену, Білмегенді білгендерден үйрену»,-деген қанатты сөзді жадында ұстаған ҚазҰУ-дың бір топ студенттерінен құралған «Көмек» Қоғамдық Қорының еріктілері Алматы қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-ана мейірімінен шет қалған балапандардың қоғаммен тығыз байланысын нығайту мақсатында «Жарқын жұлдыз» атты өнерпаздар байқауын өткізді.Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін бұл жоба сәуір айының 5-ші жұлдызында ҚазҰУ қалашығында болып өтті.Жас өнерпаздар байқауында жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар болған 8 балалар үйі мен мектеп-интернаттар қатысты.Төрт байқау бойынша өткізілген жұлдызды жобаға барлығы 78 бала қатысты.Жоба ұйымдастырушылары мен Қоғамдық Қордың еріктілері балалардың сахна мен көрерменнен қорықпай бойындағы бар өнерлерін көрсетуі үшін барлық жағдайды жасады.Байқау «Көркем сөз оқу шеберлігі»,«Музыкалық аспапта ойнау»,«Жарқын жұлдыз ән айту өнері»,«Жарқын жұлдыз би өнері» кезеңдері бойынша өтті.Төрт кезеңнен бөлек түрлі номинациялар бойынша өнер көрсеткен балалардың бойындағы ерекше талант пен көздеріндегі өнерге деген ыстық махаббатты көрген кеш қонақтары ерекше әсер алып қайтты.

    «Жарқын жұлдыздың» сахнасында 78 бала жарқырады.Таланты мен талабы бір арнада тоғысқан балапандар келген  жұртты өнерімен таң қалдырып,өмірде талай жетістіктер мен жеңістерді бағындыратынын тағы да дәлелдеді.Байқау болған жерде жеңіс те,жеңіліс те бар.«Салиқалы ұрпақ» пансионатынан қатысқан «Жас Алашұлы» тобы мыңнан тұлпар болып,қанжығасына «Жарқын жұлдыз-2018» атағын байлап қайтты.

    Жобаға қатысқан әрбір бүлдіршіннің болашағы көкте жарқыраған жұлдыздай боларына мол сенім білдіріп,балапандардың бақытты жүзіне ерекше риза болдық.

  «Көмек» Қоғамдық Қоры,журналистика факультеті