Наурыз - Думан

Наурыз - Думан
жеке
блог

   "Алматы Студенттер Альянсы" КҚ ұйымдастыруымен Лофт Орталықта "Кедергісіз Болашақ" жобасы аясында N9 жəне N5 мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мектеп-интернаттың оқушыларымен бірлесіп, "Наурыз Думан" атты мерекелік шара өткізілді. 50-ге жуық оқушылар, тəрбиешілер жəне Алматы қаласының белсенді жастары, ата-аналар қатыстықан мерекелік кеш басында Алматы Студенттер Альянсы директорының орынбасары Жамал Бақытқызы қонақтарға ақ тілегін жолдап, алғысын білдірді. Оқушылармен түрлі бағытта ойындар ойналып, қызықты сұрақтар қойылып, сыйлықтар табысталды. Жас əншілер Алматы Технологиялық Университетінің 3-курс студенті Ырыскелді Жаббарберген мен Алматы Полиграфиялық колледжінің 3-курс студенті Бекарыс Тұран əсем əндерін көрермендерге тарту етті.
      Сонымен қатар, жас өрендер өздерінің шағын концерттік бағдарламасымен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Концерттік бағдарламадан кейін қонақтар мерекелік дастарханға жайғасып, наурыз көжеден дəм татты.