Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / "Мен Құдайға ренжідім!"

"Мен Құдайға ренжідім!"

Сәлем, массагет! Бүгін мен сізді сәл ойландыруға арналған, кішігірім "трогательный" блог дайындадым. Естеріңізде болса, 2016 жылы "Шапекоэнсе" футбол клубы үлкен ұшақ апатына ұшыраған еді. Ендеше, сол апаттан аман қалған жандардың жан сырын тәржімалап, сіздерге ұсынып отырмын. Және блог барынша біртипті болу үшін арасына сурет қоймауды шештім. Дегенмен де соңына дейін оқуға адам ретінде кеңес берер едім.

2016 жыл. 28 қараша. Боливиядан Колумбияға бет алған LaMia Flight 2933 рейсі. Бортта «Шапекоэнсе» футбол клубының бапкерлері мен ойыншылары болды. Олар Копа Судамериканың финалына аттанып бара жатқан еді. Команданың ғұмырындағы алғашқы финал. 

Бірақ... Күтпеген жерден... Колумбиядағы әуежайлардың біріне жақын жерден ұшақ апатқа ұшырайды. 77 адамның ішінен тек 6 жолуашы аман қалады. Оның ішінде - үш футболшы. Жаксон Фолльманн, Алан Рушел, Элио Нето

Элио Нето

- Мен мұны түсімде көрген едім. Біз финалға ұшуға бірнеше күн қалғанда мен қорқынышты түс көрдім. Оянғаннан кейін әйеліме ұшақ апаты болған түс көрдім деп, бәрін баяндап бердім. Нөсер жаңбырдың астында ұшып бара жаттық. Қозғалтқыш істен шықты. Біз құладық, бірақ мен бір ғажайыптың күшімен аман қалдым. Мен қирандының арасында жатыр екенмін. Айнала қап-қараңғы болды. Бұл менің көрген түсімнен есімде қалғандары. 

Ұшатын күні мен осы түсті ойымнан бір сәт шығара алмадым. Сондықтан да ұшар алдында әйеліме хабарлама жаздым. Біз үшін Құдайдан дұға тілегенін қаладым. Мен бұл нәрсенің орын алатынына сенгім келмейді. Сонда да дұғадан бас алмадым.

Сол сәтте менің түсім өңге айналды.

Қозғалтқыш пен жарық істен шықты.

Біз құладық...

Бұл енді мүлдем түс емес еді.

Ұшақтағы соңғы сөздерім есімде қалыпты. Мен ішімнен дұға тілей бердім. Жерге түйісуге аз ғана қалғанда мен "О, Иса. Мен Інжілден сенің көп ғажайып жасағаныңды оқыдым. Өтінем, бізге жәрдем бере көр! Бізге қамқор бола көр! Бізге көмектес! Енді сен - біздің ұшқышымызсың! Біздің ұшаққа көмектес! Бізді аяй көр! Өтінем, Иса, бізге көмек!" деп дұға бағыштадым. 

Мен осы сәтте құр қол болудың не екенін түсіндім. Қолымнан келері дұға ету ғана болды. 

Біз құладық. Айнала қап-қараңғы. Қалғаны есімде қалмапты.

Мен ауруханада оянған кезде, апатты есіме түсіре алмадым. Әйелімнің айтуынша мен "Құдай бізбен бірге болды" деп екі рет қайталаппын. 

Дәрігелер маған апат жайында ештеңе айтпады. Алдымен, менің өзіме келгенімді қалаған болар. 

Мен қайда екенімді түсінгім келді. Мен ауруханада екенімді түсіндім... Бірақ, онда қалай тап болдым?.. Қызметшілер испанша сөйлегенін анық білдім. Сонда да менің ойлануға шашам келмей жатты.

Мен «Шапекоэнсенің" дәрігерін көрген кезде қуана кеттім. Біздің финалда ойнау керек екеніміз есіме түсті. 

- Док, ойында не болды өзі? Мен қалай жарақат алдым?

- Иә, Нето жарақатың бар...

- Ойын қалай болды?

- Білмеймін, сен ауырып жатырсың, ойынды тамашалауға уақыт болмай жатыр. 

Мен оған сендім. Мен Құдайға ренжігендей болдым. "Мен өз бауырларымның қасында болуы керек еді ғой! Мені бұл мүмкіндіктен неге айырдың" деп іштей қынжылдым. 

Мен қарқынды терапия бөліміне түскен екенмін. Бір қызығы есімде ештеңе жоқ. Үстіме қарасам, көгеріп түгі қалмапты. "Мұндай жарақатты ойында қалай алдым. Мені жарақаттаған ойыншы ірі болды-ау, сіра" деп ойлай бастадым. 

Басымда сан түрлі ойлар өрбіп жатты. Мүмкін жанкүйерлер алаңға шығып, бізді ұрып кетті ме? Мүмкін, тұрақта көлік қағып кетті ме? Бірақ, ұшақ жайлы ештеңе де есіме түспеді.

Бірде, мен көзімді ашып, оянған кезде әкемнің менің қасымда үстелде отырып, жылағанын көрдім. Не болғанын түсіне алмадым.

Біраз күннен кейін, палатаға бірнеше дәрігерлер кірді. Олармен бірге менің анам, әкем, әпкем, психолог және пастор(протестанттар шіркеуінің қызметшісі) болды. 

Әкем маған "Түсің есіңде ме?" деді.

Мен:

- Әрине, есімде. Мен әйеліме айттым. Түнде ұшақта болдық. Жаңбыр жауып тұрды. Қозғалтқыш сөніп қалды. Біз құладық. Мен қирандының арасынан шықтым. Дала қараңға болды.

Мен бәрін айтып бастағанда мен біртүрлі болып кеттім. 

Мама жылады, психолог та жылай бастады.

Ақыр аяғында дәрігер маған "Бұл түс емес, Нето. Бұл шын. «Шапекоэнсенің» ұшағы апатқа ұшырады" деді. 

Бұл менің өмірімдегі ең құрыған сәт болды. Мен дәрігердің есі ауысқан деп ойлай бастадым. "Бұлай болған жоқ! ЖОҚ! Не сандырақтап тұрсың?!" дедім.

Содан соң, мен мұның ақиқат екеніне көзім жетті. "Мен тірімін, демек басқалары да - тірі" деп ойладым. 

- БАСҚАЛАРЫ қайда? ОЛАРДЫҢ қалы қалай?

- Тірі қалған тек сен, АЛАН мен ДЖЕКСОН.

Мен сене алмадым. "Мен тірі қалғанда неге ДОСТАРЫМ өліп кетуі керек?"

Дәрігер маған: "Сіз бір Құдайдың арқасында аман қалдыңыз" деді.

Мені апат болғандардың ішінен ең соңынан тауыпты. Мен үйіндінің арасында сегіз сағат жаттым. Құтқарушылар мұның қалай болғанын кейін айтып берді. Таңға жақын барлығы апат болған жерден кете бастапты. Полиция біздің заттарымызды жинап, сол арада жүріпті. Бір кезде бір офицер, "Эй, бірдеңе естілген сияқты" деді. 

Ол "дауыс осы жерден шықты" деді. Екінші офицер "Қойшы енді, сегіз сағат болды ғой" деді. Кішкенеден кейін, екеуі де қатты дыбыстан маған жақын келді. 

Офицерлер мені көтеріп алып, үстімді жапырақтар мен ұшақтың қалдықтарынан тазалады. Мен өмір мен өлімнің арасында тұрдым. 

Кейін, мен балаларымды көрдім. Қуанышымда шек болмады. Менің ұл және қыз балаларым бар. Егіз. Он жаста. Апат болғаннан кейін әйелім оларды Бразилияда тастап кетіпті. Колумбияда болғанда оларды бірде бір рет көрмедім. 
Мен оларды көргенде түрлеріндегі абдырап тұрғандарын анық түсіндім. Менің бетімнің өзінде-ақ тыртықтар бар еді. 

Мені бір, елес көргендей бақылап тұрды. "Мені құшақтамайсыңдар ма?" дедім. 

Олар өмірлерінде мені ешқандай үнсіз, сөзсіз құшақтады. Олар жылады. Ұзақ жылады. Он минут болар. Олар тілдерін жұтып қойғандай, ештеңе дей алмады. 

Біздің ұшақтың рейстерін бақылайтын компания әрдайым жанармайды үнемдеуге тырысатын. Осыған қарап, бұл апаттың ерте ме, кеш пе орын аларын түсіндім. 

Олар ақша үнемдегілері келген, дегенмен де, оның орынына адам өмірін қиды. Барлығы кінә ұшқыштан дейді. Бірақ, тек ұшқыш қана кінәлі емес. Мысалы, жанармайы жеткіліксіз ұшаққа санкция берген адам. Олар ережені бұзды! 

Мен апатты зерттеудің әділ, таза болғанын қалаймын. Барлығы өз кінәларын мойындарымен көтерсін! Ұшқыш өлді, бірақ бұл әділеттілік дегенді білдіре қоймас. 

Бірақ, адамның іштарлығы сонша... Білесіздер ме? Інжілде "Ақшаға деген махаббат - жаман істердің бастамасы" делінген. 

Колумбиядан Бразилияға қайта оралғанда, мен қорықтым. Жерге қондық, мен қорықтым. Ұшақтан шықтық. Бізді көп адам күтіп алды. Содан соң, ауруханаға бардық. Ол жақта да бізді көп адам күтті. Барлық жерден махаббатты сезіндім. 

Мұндай оқиғалар өмірді өзгертеді. Мәңгіге. Бірақ, менің өмірге деген көзқарасым әлі қалпында. Мен әлемнен, адамдардан жақсылық күте беремін! 

Мен ауруханада жөргек киюіме тура келді. Бір ай бойы душ қабылдай алмадым. Мен алғаш теріме су тигенін сезгенде бақыттан басым айналды. Жылаудың аз-ақ алдында болдым. 

Апаттан кейін алғаш допты тепкенде өзімді баладай сезіндім. 

Мен өлуім керек еді. Бірақ, Құдай менің соңғы сөздерімді естіді. Маған мүмкіндік берді. Мен енді Құдайды бұрынғыдан да қадірлеймін! Өмірімді жалғастырамын!"

1
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 05 сәуір 2018, 22:06
Тегтер: Футбол, апат, Шапекоэнсе

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.