Тиімді тренинг

Тиімді тренинг
жеке
блог

Жақында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті және Республикалық «Ұлан» балалар мен жасөспірімдер газеті бірігіп ұйымдастырған «Жас тілшілер» форумы өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылардың жалпы саны жүзге жақын. Жүзден жүйрік жеңімпаздарды марапаттау сәті Әл-Фараби  атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің 3-ші залында салтанатты түрде өткізілді. Әрбір қатысушының  арманы орындалғандай жеңімпаздар ыстық лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтып жатты. Бүгінде жас тілшілердің медиаға, журналистикаға, жаңа бұқаралық ақпарат көздеріне деген қызығушылықтарын көріп көзін тояды.

Аталмыш іс-шара екі күнге созылды. Алғашқы бірінші күні жеңімпаздарды марапаттау,тамаша көңіл-күй сыйлау мақсатында шағын мерекелік концерт және КазҰУ-дің радиосымен танысты.Екінші күні Республикалық «Ұлан» газетінің шақыруымен «Qazaqstan» каналының сүт бетіндегі қаймағы «Qarekеt» бағдарламасының түсіріліміне қатысу бұйырыпты.Еліміздің белгілі де беделді журналисті Бейсен Құранбек ағадан ашық пікір алмасып,болашақ журналисттер тәжірибе алмасып қайтты.Осы байқаудың қатысушысы ретінде өзіме ерекше әсер қалдырған әйгілі журналисттер мен үздік оқытушылар жүргізген мастер-класстар мен тренингтер болды. Мәселен, MEDIA.NET, FACTCHECK-тің танымал журналисті Думан Смақовпен өткен кездесу өзіндік жаңа заманға сай ақпараттарымен таныстыру арқылы ерекшеленді. Жалпы тренингте журналисттің қауіпсіздігі, ақпараттың жалған екендігін айшықтау, жаңа медианың қарқының және онлайн-сайттармен тиімді жұмыс жасауға бағыттады. Кездесу барысында жастілшілер де өз сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Думан Смақов сөз соңында жастілшілерге сәттілік тілеп, шағын сыйлығын ұсынды.