Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Блогер болды кей кісі...

Блогер болды кей кісі...

Блогер болды кей кісі...

Қолға қалам алмаймын, бірақ журналиспін. "Журналистің қаруы – қаламы" деуші еді. Өзім пернетақтамен қаруланғанмын. Марғұлан Ақанға ұқсап клавиатураның құлағында ойнамасам да, бір кісідей жылдамдығым бар. Жазуға шабытым келсе, сөйлемнің жүйелілігіне қарамаймын, ойыма не келеді соны жазамын. Екінші қайта ешқашан келмейтін тұңғиық ойдың шабысын сөз арасындағы майда-шүйде қателіктер үшін тоқтатқым келмейді. Боқтатқым келмейді – өзімді-өзім. Сөзімнің әрқайсысында зіл мен мін менмұндаласа деймін. Осындай ауыр талаптар қойып алам да, отырам кейде әкемнің алдында айтарға сөз таппай тұрғандай жер шұқып. 

Бір мақсатым бар, ойымды бойымнан ұзын еткім келеді. Бұл мақсатты жұмысқа тұрған кезден бастап айқындадым. Әріптестермен бой бойынша емес, ой бойынша сапқа тұрсақ «сап аяқталды» деген азалы сөз менің еншіме тиесілі болып қалар ма екен деп қауіптенемін. Сол себепті де, «бәсекеге қабілетті болу керек» деген мен ес білгелі естіп келе жатқан еліміздің ұранын санама сіңірудемін.

Бүгінде ән салатын бұлбұлы жоқ ормандар бар ғой. Демек, арманы жоқ адамдар да бар. Әріптесімнің айтқанындай, олар арманы бар адамдарға жұмыс жасап жүр. Өмірді бір ғана бағытпен, бір ғана сарынмен сүруге болмайды, меніңше. Адамды қайрап, жігерлендіріп, намыстандыратын – арман, мақсат міндетті түрде болу керек. Мен Массагетке жұмысқа тұруды армандадым. Баллердің айтқаны тура келді. «Армандар орындалады, мақсатың айқын болса» деп еді. Жаңа адамдармен танысып, білісіп, әңгіме өрбіту арқылы мен өзімнің және осыған дейінгі араласқан ортамның салыстырмалы түрде төмен болғанын білдім. Өмір баспалдақ екен. Мен бір саты алға басыппын. 

Осы уақытқа дейін, блог жазуға арнайы уақыт бөлмеппін. Бұл менің алғашқы блогым. Борат жайлы жазғаным бар, бірақ оны материал деп дайындаған едім, сайттың саясатына сай келмегендіктен блог ретінде жарияланды. Алғашқы жазбада өзімшілдікке салынып тек өзің жайлы жазыпсың деп сөкпеңіздер. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда»- депті ғой жүзі жаз, көңілі көктем батыр Қасым.

11
Рейтинг: +11

Жазылған уақыты: 04 сәуір, 17:42
Тегтер: Аслан Қажиев, бірінші блог, блогер, арман, мақсат, Қасым, бұлбұл
Пікірлер
+5
04 сәуір, 17:53

Осы блогтың ең алғашқы оқырманы болғаныма қуаныштымын..)

+4
04 сәуір, 18:03

Әдемііі! Үтірсіз оқып шықтым) Жазарың таусылмасын!

+4
04 сәуір, 18:51

Жарайсың! Енді махаббат туралы жазбаңды күтем)

+1
05 сәуір, 09:48

Экш, теңеулер қалай кетті?

+4
05 сәуір, 11:03

Әнекей...Бұл балада бірдеңе бар екенін әу баста-ақ білгенмін:)
Баса бер, батыр!

+4
06 сәуір, 12:36

Көптен бері күткен блог осы болды. Жарайсыз! Жазар таусылмасын!

+4
06 сәуір, 13:25

Лезібдеріңізге көп рақмет. Лайк бастым...

+4
06 сәуір, 13:52

Кейде сенің стиліңді Шерхан Талапқа ұқсатам..)

+3
08 сәуір, 18:09

Сырттай танығаныммен, жазғандарын оқып көрмеппін. Іздеп көру керек екен...

+3
14 сәуір, 11:08

Керемет! Маған ұнады. Бастапқыда тақырыбына қарап, басқалай ой түйген едім. Мен үшін күтпеген жағдай болды))) Талабыңызға нұр жаусын! Келесі блогыңызды асыға күтеміз!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.