"Есуас Лукастың" шедеврі!

Сәлем, массагет! "Звездныe войны" сөзі сізге таныс болар. Тіпті сіз бұл сөзбен таныс болмасаңыз да, ол сіздің өміріңізге еніп, әлдеқашан оз орнын тауып қойған. "Жұлдызды соғыстар" - өткен ғасырдың үздік кинотуындыларының бірі. Ендеше, ол жайында кішігірім сөз қозғасақ!

Самурайлар жайлы жапон оқиғасын. Трэшке батып, былғанып шыққан фантастика жанрындағы "Флэш Гордон" сериалын, Джозеф Кэмпбеллдің героизм жайлы әңгімелері. Үш қайнаса сорпасы қосылман осы үш нәрсені бір адам ғана біріктіре алды. Бірақ олар бір қазанда кері әсерсіз қайнау үшін, арнайы ертегі эффектісі, түсініксіз терминдер секілді ингредиенттерді қосу қажет. Мұның барлығын түсінген - Джордж Лукас. Киносүйер қауым табынатын "Жұлдызды соғыстар" франшизасын жасау барысында әйгілі режиссер дәл осы қоспаларды дайындап, оны қадағалап және жарыққа да өзі шығарды. Оны бәрі бірдей жақсы көреді. Бірақ, бұл қазір...

1974 жылы, осы фильмнің жұмыс барысында барлығы Лукасқа есуас ретінде қарады. Ол сценарий жазу барысында онда "шлактың" мөлшері тым көп болды. Бірақ, әрине бұлардың барлығы келесі сиквелдер мен приквелдер барысында кәдеге жарады. Дегенмен де, сол кезде, яғни 1974 жылы 20th Century Fox компаниясының басшылары Лукастың 200 беттік сценарийін көріп отырып, зәрелері ұшыпты. 
Мәтінде түсініксіз сөздердің көп болғаны сонша, оны жазған адам сау ма, ауру ма деген ойға қаласың. 
Сонда да қайтпас-қайсар Джордж сценарийді бірнеше рет жөндеп, қысқартып, ретке келтіру арқылы ақырғы нұсқаға келіп тоқтайды. 


Сонымен қатар, Джордждың туындысы болған "Американ граффитиі" фильмінің жетістігі де Лукасқа септігін тигізіп, студия басшыларында жаңа фильмнен бір нәрсе шығады деген үміт пайда болды. 
Бірақ, Fox студиясы "Жұлдызды соғыстардың" құрдымға кететіне сенімді болғаны сонша, осы тақырыптағы барлық киімдер, заттар, бокалдар, ойыншықтар, дискілерден түсетін табысты Джордж Лукастың атына бере салды. Ал, кейбір деректерге сүйенсек, маркетинг саласында "Жұлдызды соғыстар" тегімен сатылған тауарлардан түскен қаржы $20 млрд. асады. Бұлай болады деп кім ойлаған?


Студия басшылары ақыры көндігіп, фильм түсірілімне $11 млн. қаржы болды. Бұл сол уақыт үшін көп те емес, аз да емес еді. Әрине, ең алдымен кастинг болды. Джордж Лукас өзінің жақын досы Брайан де Пальмамен келісе отырып, екі бірдей фильмге кастинг жарияланды. Біріншісі - де Пальманың "Кэрри" фильмі болса, екіншісі - Лукастың "Жұлдызды соғыстары". 
Әртістер жинақтала бастады Марк Хэмилл(Люк Скайуокер), Кэрри Фишер(Лея Органа/R.I.P.). Және осы әртістерді репетиция барысында ретке келтірген Харрисон Форд, әртістердің бірінің нашар ойнағанына іші күйгені сонша, оның кейіпкерін өзі сомдауға келісім берді. Бұл адамзат тарихындағы ең батыл ұшқыш Хан Соло болатын.


Франшизаның ең танымал кейіпкері Дарт Вейдерді екі бірдей әртіс сомдады. Бодибилдер Дэвид Проуз кейіпкерді жақсы сомдады. Дегенмен де оның дауысы галактикаға үрей тудырған жауыз ситхтің дауысына ұқсамады. Сондықтан да дауысты Джеймс Эрл Джонсқа сеніп тапсырды. 
Бірақ, бәрібір де туындыға танымал әртіс қажет болды. Ол әртіс сэр Алек Гинерс(Оби-Ван Кеноби) болды. Егер де Гинерс болмаса көптеген әртістер қобалжығаннан, жынданғаннан ойнап жатқан рөлдерін тастап кете салар еді. Дегенмен де, бәрібір қобалжыған, жынданған адам табылды. Джордж Лукас. Ол барлығын өте керемет, әсерлі қылып жасағысы келгені сонша, түсірілім барысында жүрек талмасына дейін бара жаздаған. Шедевр азаппен жасалды. 


Қиындықтар Лукастың ізінен аңдығандай болды. Барлығы да Лукасқа қарсы қойылып, дайындалғандай тіпті ауа райы да. Түсірілім тобы Татуин ғаламшарын түсіру үшін Туниске келгенде осы мемлекеттің тарихында ең алапат дауыл орын алды. Тіпті ешқандай да отель бос болмады. 
Сценарийді көпшілік қауым "жындының сандырағына" балады. Оны кері тартып, неше түрлі негативті пікірлер айтылды. 
Тіпті түсірілімге қатысқан Харрисон Фордтың өзі болып жатқан жағдайға аса қатты мән бермеді. Сондықтан да, тек ақша үшін амалсыз жүрді. 


Және спецэффектілер де уақытына дейін жасалып үлгерілмеді. Лукастың көңілі көншімеді. Ол әрдайым эффектілерді жаңартып отырды. Джордж Лукас осы фильмнің түсіріліміне дейін Industral Light & Magic деп аталатын арнайы эффектілерді монтаждайтын компания құрды. Ал, бұл қазіргі таңдағы ең алдыңғы қатардағы визуал компаниясы.
Қазіргі кинематографияда барлығы компьютерге жүгінеді. Ал ол кезде түсірілім компаниясы миниатюра, макет, модельдерді қолдану арқылы жұмысын жасады. Керек десеңіз, оның бәрі адамның қолынан жасалған дүниелер. 


Фильм дайын болуға жақындағанда Лукас өзінің достарына фильмді көрсетті. Жоғары да аталған Брайан де Пальма Лукасқа үлкен сын тағып, фильмнің нашар екенін бетіне басып айтады. Ал бүгінде Лукаспен терезесі тең кино майталмандарының бірі Стивен Спилберг оны қолдады. 


Фильм 1977 жылдың мамыр айында жарық көрді. Студия басшыларының ойында бір үміт, бір күдік. Бірақ, күтпеген жерден фильм әлемдік прокатта $775 млн. жинады. Бұл дегенің қазіргі инфляция коэффицентімен есептесек $3 млрдқа. жуық. 
Фильм "Оскар" жүлдесінің 10 бірдей номинациясына ұсынылды және оның алтауын жеңіп шықты. 

Осылайша Джордж Лукас әлемдік кинематографияда жаңа дәуірді қалыптастырды. Қазіргі біз көретін кино дәл осы фильм, дәл осы адам болмаған да басқаша болар еді. Джордж блокбастерлердің, визуалдың, адами фантазияның жаңа бағытын көрсетті.


Кейін бұл фильм "Жұлдызды соғыстар: Жаңа үміт"(Звездный войны: Новая надежда) деп аталды. Және франшизадағы төртінші эпизод саналды. Бұл фильмді көрмесеңіз, бір рет болсын көруге шақырамын!



Бөлісу: