Ішкі дисциплина - адамның басты құндылығы!

Ішкі дисциплина - адамның басты құндылығы!
жеке
блог

Сәлем, массагет! Мен жақын арада неше түрлі қызықты блогтар жоспарлаудамын. Дегенмен де, ең алдымен бөліскім келіп отырғаны бұл, ішкі дисциплина. Ол жоқ болса, менің келесі жазатын блогтарым тезекке де жарамай қалады.

Апайjkee
Дисциплина - шешім қабылдау кезіндегі адамның аса қатал тәртіпті ұстануы. Дейді Википедия. Негізінде шындыққа жанасады. Әрине, дисциплина сөзінің өзі біздің тілге аударсақ тәртіп деген сөзді білдірер еді. "Тәртіпке бағынғай құл болмайды" дегендей қазір бар жерде тәртіп. Қазіргі қоғам белгілі бір тәртіпсіз бір тәулік те тұрмас еді. Себебі айтпаса да белгілі.

Ал, біздің ішкі дисциплинамыз, ішкі тәртібіміз түзу ме? 

"Уақыт жоқ", "қазір емес", "артынан жасауға болады ғой", "бұйырған күні жасаймыз да". Осы сөздер сізге таныс болар. Біз кімді алдаймыз? Өзімізді ме? Иә, өзімізді өзіміз қандай да бір қадамды жасамай, бір орында отырғанымызға кінәламау үшін, өзімізден өзіміз ұялмау үшін өтірік сылтауларды ойлап табамыз. 
Және біз дәл осылай ойлап, бірақ қалай ұялмай-қызармай жарқын болашақтан үміттенеміз? Осылай өтеді. Уақыт өте береді. Көзімізді жұмсақ бүгін, ашсақ ертең. 

.
Жоқ, біз әрине армандаймыз және қадам жасауға талпынамыз. Айналамыздағы оқиғалар бізді байлап жатады. Ешқандай кедергісіз өмір сүргіміз келеді. Бірақ, бағдаршамның түсі әрдайым жасыл болмайды. Ондай жағдай болса жүйе бұзылады. Дәл сол сияқты өмірде ешқандай жетістік қолайлы жағдайда уысымызға түспейді. 
Ал, кейде тіпті жағдайымыз болып тұрса да көңіл-күйдің, ниеттің жоқтығын сылтау қылып, мүмкіндікті пайдаланбай жатамыз. Бірақ, адам психологиясы қандай да бір істі кейінге қалдыра берсе ол іс бірнеше есе ауыр әрі азапты көрінеді. Бұл уақыт өте стресске әкеліп соғады. 

Жетістік қиындықпен келеді.
Брайан Трейсидің "Нет оправданий! Сила самодисциплины" кітабында мынадай фраза бар: "Жетістік пен бақыттың ең негізгі екі жауы - қарсылық болмайтын және өзімізге қолайлы жолды таңдау". Қазақша айтқанда - "жеңілтің үсті". 

Ішкі дисциплинаға аналог келтіру керек болса, бұлшық етті алуға болар еді. Ол әрдайым жаттығуды талап етеді. Немесе арықтау процессі. Астан бас тарту. Ішкі тәртіп те дәл солай. Бірақ, біз еріншек болып қалыптасып қалсақ, оны қалай жаттықтырамыз? Жоғарыда аталған кітапта мистер Трейси мынадай нұсқаны ұсынады.
Ең алдымен алдымызға ұсақ-ұсақ мақсаттарды қою керек. Мысалы, таңертең барлығымыз оятардың үнін естігенде зығырданымыз қайнап, оны бес қайтара айқайлатып барып, төсектен тұрамыз. Ал егер сіз ол бірінші рет шырылдағанда тұрсаңыз не болар еді? Кішігірім ғана ләззаттан айырылырар едіңіз. Ал бұл катастрофа ма? Жоқ! Бірақ, ішкі дисциплинаны ретке келтірмеу, міне - нағыз катастрофа. Сондықтан да, құрметті оқырман, ішкі дисциплинаны ретке келтіріңіз.

Егер, осындай кішігірім миссиялардың этапынан өтсек, бұдан қиындау тапсырмаларды орындай бастауға болады. Тәттіден, зиян тамақтан бас тарту. Тіпті тәртіп мықты болса темекі мен алкогольді де тастауға болады. Ішкі дисциплинаның тәртібі бойынша адам ішкі парадокс кезінде сезімге емес, ақылға берілу керек. 

.
Және менен жеке кеңес. Ішкі дисциплинаның дамыту үшін ақша жинау керек. Иә, біртүрлі естілер бірақ, адамның ең басты құмары, бұл - ақша. Ал сіз ақшаны жинап, оны көріп тұрып жаратпасаңыз, ішкі дисциплина дами бастайды. Яғни, сіз санаңызда теңселіп тұрған таразыдағы сезім мен ақылдың ішінен, екіншісін таңдайсыз. Ал, бұл дегенің ішкі тәртіптің іргетасы.