Кемерово біз сенімен біргеміз
жеке
блог

Кемерово біз сенімен біргеміз

Кемерово біз сенімен біргеміз

Бірнеше күн бұрын,яғни, 25 наурыз күні күллі әлемді қан жұтқызған Кемерова қаласындағы қайғылы оқиға бәріміздің оймызда жүрген болар.Бұндай қайғының орын аларын кім білген?Бір сәтте орын алған тілсіз жау көптеген жанның өмірін жалмады.Қуаныштан жүрегін бақыт кернеген жас бүлдіршіндерді, ересек жандарды ажал алып кетеді деп кім ойлаған?
Иә, кейбіреулер бұл оқиғадан бейхабар да шығар.Сөздің төркініне келер болсақ,сол бір 25 наурыз күні Ресейдің Кемерова қаласындағы «Зимняя вишня» ойын сауық орталығында өрт болды.Өрттің басталған орны төртінші қабаттағы балалар ойын сауық кешені мен кинотеатр аумағы.Бір сәтте тұтанған өрттен адамдар не болғанын түсініспей, дүрбелеңге түсіп жатты.Өрттің күші өте жоғары дәрежеде болғаны соншалық, өшірудің өзі күрделі болған.Өрт болған орынды реттеп, бақылау жүргізу әлі күнге дейін жалғасуда.Тергеушіледің айтуынша, жалын «құрғақ» бассейннің өртенуінен басталған, азадан соң алыс бөліктерге тарап,төбеде ілініп тұрған торға жайылып кеткен..Кім білсін, жүрегіне қанжар қадалған халық оқиғаны әртүрлі нәрсеге балап жатыр.Ресей президенті Путин бұл жағдайды салғырттық пен немқұрайлылықтың әсері деп бағалады.Иә, дәл сол сәтте, орталықтың төтенше жағдайларға арналған қосалқы есіктері тарс жабық болған.Басқа да қауіпсіздік ережелері сақталмаған.Қызметкерлердің халықты құтқаруға шамасы жетпей, бас сауғалап қашуға мәжбүр болған.Оқиға орнында алғашында 15 өрт сөндіру тобы, полиция қоршауға алғаннан кейін 60 өрт сөндіру қызметкері жіберілген.
Мені қынжылтқан нәрсе, ойламаған жерден улы газға тұншығып,өлім құшқан жандар оның ішінде жеткіншек балалардың көп болғандығы.64 адамның 41-і жас балалар.10 адам іс-түссіз жоғалып кеткен.Ауруханада жан сақтау бөлімінде жатқандар қаншама?Оныншама ауырлықты олар қалай көтереді?Бүкіл қала жұрты аза тұтып, күні түні жақындарын жоқтау үстінде.Ер адамның қарындасы, әйелі, үш баласы бірдей көз жұмды.Жанын сақтау үшін, төртінші қабаттың терезесінен секірген он бір жастағы баланың таңдыры не болмақ?Ал,жанымен арпалысып жатқан жас бала тіпті, отбасынан түгел дерлік айрылып қалды.Шыңыраудан шыға алмай жүрегін қорқыныш кернеген балалар ата аналарына қоңырау соғып,жақсы көретіндігін айтып,соңғы сөздерімен қоштасып жатты.Телефонның ар жағында жүрегі тыпыршып, не болғанын түсіне алмай жатқан ата аналар, ақырында осы оқиғаның куәсі болатынын білсін бе?Кей жандар отбасынан түгел айрылды,өмірдің енді мағынасы қалмағанын айтып, өздерінің болашағын елестетуден қалды.Тіпті, бір мектептің бесінші сынып оқушылары түгелімен уланып, өрт ішінде қаза тапты.Қуанышты жүзбен шығарып салған балаларын қайғымен қарсы аламын деп ойлады ма ана жүрегі?Бұдан асқан қасірет бар ма?Ендігі бақытты сәтін қайтарып беретін ғажайып болса ғой шіркін!?
Иә,бұл оқиға қаншама жанның қабырғасын қайыстырды?.Қаза болған жандарды аза тұтып,еске алғаннан басқа бізге шара жоқ.Қанша оқылықтың орнын ақшамен,дүниемен толтырсақ та жүректерін сол бір бақыт пен махаббатқа толтыра алмаймыз.Бастысы, әрдайым қолдау мен қайғыға ортақ екенімізді шын жүректен жеткізсек екен.Кім біледі, мүмкін ажал құшқан бүлдіршіндердің бірі ертеңгі еліне еңбегі сіңген азамат,әлемге жаңалық ашқан ғалым болар ма?Бұл да бір өмірдің заңдылығы шығар?Әуесқой видеотүсірілімде балалардың көмек сұрап зар еңіреген дауысы жанымды қатты ауыртты.Әрқашан жандарыңф жәннатта болғай!!Әрқашан біздің жүрегімізде қаласыңдар....

Ажал айтып келмейді.Дегенмен осы секілді қайғылы оқиғалар көбіне салғырттықтың, шалалықтың әсерінен болып жатады.Бұл жағдай әлемге сабақ болып жатыр.Шынымды айтсам, орталықтарға барудан аздап қорқып қалдым. «сақтықта қорлық жоқ»фБолашағымыздың жарқын болуы жауапкершілік пен әрбір іске адалдықтан деген ой түйдім.Бұндай жағдайдың ешқашан орын алмауын тілейміз!!!