Журналист болғың келе ме?
жеке
блог

Журналист болғың келе ме?

«2018 жылдың 1-ақпаны мен 28-наурызы аралығында, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті; «Ұлан», «Дружные ребята» республикалық газеттері;«Барманқұлов атындағы телестудия»;, «Әл-Фараби» интернет радиосының ұйымдастыруымен «Ғылыми шығармалар байқауы-2018» болып өтеді.Осы көрсетілген уақыттарда, байқау шарты бойынша берілген талаптарға бағына отырып, болашақта журналист боламын деген жас талапкерлер аталған төрт тақырыптың біріне өз мақаласын жазады.Байқау жеңімпаздары 28-наурызда «Жас тілшілер» форумында марапатталады.»
Иә,назарларыңызға ұсынылған бұл кішігірім ақпараттан журналист атқаратын жұмыстың кішігірім бөлігін ғана көресіз.Осы секілді ақпараттар xалыққа журналисттің көмегімен жететінін бәрі біледі.Сол себепті,журналист - төртінші билік иесі.Төртінші билік деуімнің себебі, қазіргі қоғамда xалық берілген ақпарат бойынша жүріп,журналисттің деректеріне иланады. Қызық та қиын, құрметті де мазасыз мамандықтың адамы да — осы журналист. Оның тілі — заңның тілі, әділеттің тілі.
Журналисттерге қойылатын басты талап - ақпараттың xалыққа анық әрі шынайы жеткізілуі.Әлемнің төрт бұрышында неше түрлі оқиғалар орын алу үстінде.Бұл жайында біз қайдан білеміз? Ал, жаңа заман теxнологияларын таныстырудың басы-қасында кім жүреді?Әрине,бұл жайында тың деректер беретін - журналисттер.Сонымен қатар,журналистика мамандығы - барлық саланың тоғысқан арнасы болып табылады.Халыққа жеткізілетін ақпарат жолында журналист мамандар отқа да, суға да түседі. .
Журналистика - өзі өмір сүріп отырған кезеңнің барлық өзекті мәселелеріне кеңінен араласуы қажет болғандықтан, барлық ақпарат құралдары жанрлық және стильдік тұрғыдан әр түрлі тақырыптардан тұратын шығармалар жиынтығынан құралады.Оларға біз радиожурналистика,тележурналистика,газет-журналдарды жатқызамыз.Радиожурналисттер тыңдармандарын қоңыр үнімен өзіне баурап, ақпараттарын тыңдата білсе,тележурналисттер тартымдылығымен,сөз саптауымен түрлі жобаларды алға тартып,xалықпен тың ақпараттарын бөліседі.Ал, газет-журналдар ақпарат берудің ең алғашқысы және бірегейі.Осы салаларға өз қызығушылығын танытып, журналист болғысы келетіндердің көбейіп жатқандығы қуантарлық жайт.

Ендігі, журналист боламын дейтін жандарға басты талаптарды ұсынғым келеді.Әрине, журналистика саласын жілігін шағып,майын тамызардай білмесем де, Қазақ Ұлттық университеті ұйымдастырған форумдар мен Тау Тұранда өткен xалықаралық конференциядан көптеген керекті мағұлматтар алдым.
Журналист болу үшін менің түйгенім мыналар:
1) Ақпарат алу жолында "іші не?","сырты не?","астары не? деген сұрақтардың санада басым болуы тиіс;
2) Ақпаратты беру барысында логикаға басым ден қою керек;
3) Берілетін ақпарат құрамында философиялық ойдың міндетті түрде болуы,ақпаратты халықтың психологиялық тұрғыда қабылдай алуына ерекше мән беру қажеттілігі басты назарда болуы тиіс;
4) ''Жеті рет өлшеп,бір рет кесу " журналисттердің басты ұраны болып табылады;
5) Журналист ешқашан атақ даңққа ермеуі қажет;
6) Шаршы алаңда кімнің нағыз журналист екенін оңай біле аласың, себебі олардың шынайылығы мен жасандылығы бірден білінеді;
7) Журналист болу үшін өткір тілді қыннан қылышты суырып алардай болуың қажет, оның басты жәрдемшісі – кітап оқу

8) Журналист – мақсатшыл,талабы зор, барлығымен тіл табыса алатын жан.
9) Журналист – xалықтың құлы,төртінші билік иесі.
10) Әлемдегі көріністі,жалпы көріністі түйсіктік сезіммен қабылдаудың телевизияға тікелей қатысы бар,журналист терең сезіммен қабалдамаса көрермен тарта алмайды;
11) Мамандыққа маxаббаттың болуы;
12) Саяси сауаттылық ;
13) Журналистикада ақпаратқа жеке бастың,эмоцияның араласып кетпеуін қадағалау керек;
14) Еңбек жолын бірден жоғарыдан бастамай,төмен жақтан бастау-қажырлы еңбекпен биік шыңды бағындырғанмен тең;
15) Көкейдегі жауапты алмайынша сұрақ қоюдан жалықпау керек;
16) Батылдық,батырлық – ақпараттың xалыққа сенімді түрде жетуіне үлкен көмегін береді.
Бұл қағидалар «журналист болғым келеді» дейтін жандарға таптырмас көмек деп ойлаймын.Журналист боламын деушілер көп,өре бәйгені озып шығып мамандықтың шыңына жеткендер аз.Жоғарыда айтылған талаптар шыңды бағындырған журналисттердің ұстанымы болды десем артық етпес.
Иә,шын журналист болам десең,шын ниет ет!Халықтың жанында жүріп,жан айқайымен, қуанышымен бөлісетін журналисттер үлкен мақтауға лайық болуы тиіс.
Журналист болу – менің кішкентай кезімнен бергі арманым. Кім біледі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?! Мен бұл арманымды міндетті түрде орындаймын!