"Көмек" жастары қарттардың көңілін көтеріп қайтты

"Көмек" жастары қарттардың көңілін көтеріп қайтты
жеке
блог

"Көмек" Қоғамдық Қорының еріктілері мейірімділік шуағын барша адамдарға шашумен, қайырымдылық шараларын өткізумен айналысып келеді. Оның бірден-бір дәлелі балалар үйіне ғана емес, сонымен қатар ардагерлер үйіне де барып, егде жастағы ата-әжелердің көңілін аулап, әңгіме дүкен құруы болды.

"Қарттарым-асыл қазынам" - демекші, олардың қазіргі таңда тағдыр тәлкегіне ұшырап, осында орналасуы көңіл қынжылтады. Қоғамдық қордың белсенділері оларға туған баласындай сүйіспеншілікті аз да болсын көрсетуге тырысты. Әрбір ата-әжелермен кездескенде олардың жүзіндегі күлкі, қуанышты көрсеңіз ғой! Олардың бізді бөлмесіне кіргізіп неше түрлі тәттілермен шай беріп, бәйек болып журуі, өздері туралы айтып беруі, қолдарыңнан ұстап" қызым", "балам" деп атағаны олардың отбасын қалай сағынғанын көрсетеді. Дәл осы сәттерде өз ата-анаңның қадірін түсініп, олардың сен үшін қаншалықты қымбат жандар екенін ұғасың...", - дейді ұйым мүшелері.

Қарттардың көңіл-күйін бір мезетке болсын көтеру үшін неше түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырылады. Олардың ішіндегі ең қызықтыларының бірі Көмек Қоғамдық Қоры Тарих факультетенің еріктілері "Менімен Биле" атты би кешін ұйымдастырды.

Бұл кешке ҚазҰУ қара шаңырағымыздың, "Көмегіміздің" басқа да факультет еріктілері атсалысқан болатын. Кеште ардагерлерімізбен жақынырақ танысып, олардың биді бізден де ширақ билеп, өмірге деген құлшынысына риза болып келдік. Осылайша Көмек Қоғамдық Қоры арқасында өмірдің неше түрлі қиыншылықтары мен ауыртпашылықтарын көру арқылы сабақ алып, өз-өзімізді қайта тәрбиелеп, қоғамның лайықты азаматтарының біріне айналуға тырысамыз", - дейді олар.

"Болашақта да қарттарымыздың қуанышы мен бақытқа толы сәттері көбірек болады деп сенеміз!", - деп қорытындылады белсенді жастар.