Наурыз мерекесіндегі Будапештегі кездесу

Наурыз мерекесіндегі Будапештегі кездесу
жеке
блог

23 наурызда Венгрия мен Қазақстан футбол құрамалары арасындағы жолдастық кездесу өтті. Бауырлас екі ел арасындағы ойын нәтижесі бойынша Қазақстан футболшылары 2:3 есебімен жеңіске жетті.

Гол соққандар:Салаи 21, Немет 68 - Муртазаев 6, Зайнутдинов 10, Сейдахмет 39

Венгрия: Петер Гулачи - Эндре Ботка, Кеннет Отигба, Барнабаш Беше, Аттила Фиола - Акош Элек, Ласло Кляйнхайслер, Балаж Джуджак - Роланд Уграи, Неманья Николич, Адам Салаи.

Қазақстан: Ненад Эрич - Дмитрий Шомко, Сергей Малый, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (Елдос Ахметов), Бактиер Зайнутдинов (Магомед Парагульгов), Бауыржан Исламxан, Роман Муртазаев (Ғафуржан Сүйімбаев), Еркебұлан Сейдаxмет (Юрий Перцух), Сергей Хижниченко (Еркебұлан Тұңғышбаев).

Екі ел арасында өткен ойынға келген жанкүйерлер футболшыларға үлкен қолдау көрсетті. Әсіресе, Будапештегі қазақтар бір үйдің баласындай жұмылып, көк туымызды көтеріп, ойыншыларға шабыт беріп жатты. Мажарстандағы Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен футболға жанкүйер болып Будапештте тұратын қандастарымыз бен білім алып жатқан студенттер барды.

Өкінішке орай, Мажарстандағы кездесуден кейін Қазақстан футбол құрамасы Болгария құрамасымен өткен ойында соңғы секундта жеңіліс тапты.

Футболға барып, керемет көңіл көтеріп қайтқан, сондай-ақ, фотосуреттерді жолдаған Құлсарының қызы Людаға мың алғыс!