Ақындық өнер
жеке
блог

Ақындық өнер

Ақындық өнер. Менің ойымша,өнер - адамның ішіндегі тұнып тұрған талантты ашатын тылсым ғажайып күш іспеттес. Қазіргі таңда технологияның дамыған заманы болғандықтан өнер жақсы дамыған деп ойлаймын.21 ғасырдың өзінде өнердің көптеген түрлері бар.Олардың қатарына :би, қолөнер,сәулет,бейнелеу,мүсін және т.б көптеген өнер түрлері кіреді.

Мен осы тақырыпты қозғау барысында өзімнің отбасымдағы дарынды әрі талантты адамдар жайлы жазуды жөн көрдім.Ол дарынды адамдар қатарына әкемді , бауырларымды, анамды және қарындасымды жатқызамын.Осы кісілердің ішіндегі ақындық өнері барлар : әкем мен Бірлік есімді бауырым.

 Әкемнің есімі -Жеңісбек. Ол кісі өте талантты адам.Өз басым ол кісіні "сегіз қырлы, бір сырлы " жан ретінде бағалаймын. Олай айтуымның себеби,ол кісінің ақындық қабілеті бар, тамадалық қабілеті бар.Ал бауырым - Бірлік. Ол да сондай қабілеті бар.Ол қазіргі таңда ШҚО ,Өскемен қаласындағы Педагогикалық колледжде білім алып жатыр,қазақ әдебиеті пәнінен болашақ мұғалім. Сіздерге осы бауырымның өзі туралы жазған өлеңін өздеріңізге арнаймын.Барлық ақын достарыма және құрдастарыма сәттілік, болашақта үлкен жетістікке жетулеріңізге тілектеспін. 

      Бабасын дүниеде мақтайтұғын,

       Рухани болмыстың тірегімін.

       Шақабайдың рухын сақтайтұғын ,

       Керейдің ұрпағының біреуімін.

       Ата- баба өнерін ұрандаған ,

       Самғап ұшып келеді қыран балаң.

        Жырлары бар жаныңды жадыратар,

        Самал желдей сахарада сылаңдаған.

        Күйе жақпас тарихтың дарасына,

        Ем іздейді дақ түспес жарасына.

        Жырға құмар халықтың алғысы ма,

        Деп ойлаймын тамаша баласына.

        Тапқан дәйім өзіне жарасымын,

        Керей мен Жәнібектің қарасымын.

        Халқына аз да болса беделі бар,

        Жеңісбек пен Айнұрдың баласымын.