Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Достық туралы...

Достық туралы...

Достық туралы...

Достық-бұл өмірде ешнəрсемен бағаланбайтын алтын құндылықтардың бірі. Ол өзара қамқорлықтың,жауапкершілік пен рухани жақындықтың белгісі болып табылады. Шынайы достық адамға алда кездесетін түрлі қиындықтарға мойымай,керісінше,онымен талмай күресуге үйретеді. Басқа түскен түрлі қиыншылықтарға шыдауға жігер береді,адамды одан əрі шыңдай түсіп,қиялына қанат бітіреді. Адам жанында қаншалықты сенімді,адал,жақсы достар жүретін болса,ол соншалықты зор жетістікке жете біледі,өзін соншалықты бақытты сезіне алады. Бірақ дос таңдай білу де қиын,ал достықты сақтап қалу тіптен қиын. Себебі,аспанда қанша көп сансыз жұлдыздар болғаны секілді,сонша түрлі адамдар мен олардың пікірі болады.

Кейбірі сенімен шынайы,ізгі қарым-қатынаста болса,ал біразында көреалмаушылық пен қастық ойлау сынды жаман пиғылдар болуы мүмкін. Достық деген ұлы сезім  шынайылыққа,адалдыққа,Алланың ақ жолынан адаспай жүруге үндейді,бойыңдағы көреалмаушылық,жауыздық,қастандық деген сезімдеріңнің сөніп,оның орнына имандылық,мейірімділік,бауырмалдық деген сезімдердің пайда болуына жол ашады.Өмір атты теңізде ғұмыр кешіп жатқаннан кейін, сүрінетін,жығылып барып түрегелетін кездеріміз болады. Ал ондай кезде сен бірінші кімге арқа сүйейсің?! Əрине досыңа. Алайда,ол кезде сені қолпаштап жүрген жандардың бірі де сенің қасыңнан табылмай қалуы мүмкін,барлығы сенен теріс айналып кетуі де ғажап емес. "Жаман дос-көлеңке:басыңды күн шалса-қашып құтыла алмайсың,басыңды бұлт шалса-іздеп таба алмайсың",-деп Абай атамыз айтып кеткендей,сондай жаман достар достың кейпін киген сенің қас дұшпандарың. Сондай кездерде досым кім,дұшпаным кім сонда деп есеңгірейсің. Қоғамдағы осындай жағдай қабырғаңды қайыстырып,жаныңды жабырқатып жібереді. Сонда достықты тек өзінің мақсатына жету үшін ғана пайдаланылатын құрал секілді көретін жандар да бар екен ғой деген ойлар мазалайды.

Осы орайда испан жазушысы Б.Грасин былай дейді: «Достығың да,дұшпандығыңда мәңгі болады деп ойлама! Бүгінгі досыңа ертеңгі қарсыласым деп қара,тіпті бітіспес жауыңа айналып кетуі мүмкін;өмірде мұндай жағдайлар бола береді,ал сен соның алдын ал. Болашақ дұшпаныңы айналып қалар деген досыңның қолына қару ұстатпа,ертең дұшпан жағына кетіп қалса соққысы аяусыз болады. Дұшпаныңмен,керісінше бітімге келер есігің әрқашан ашық тұрсын,бұл есігің,ең сенімді жол-ақпейілділігің болсын. Көбінесе,дұшпанымызды сансыратып кек алсақ деген оймен жүреміз,содан ләззат аламыз,ал арты уайымға айналады»,-деген астарлы мағынасы терең өсиетін тілге тиек ете аламын. Əрине,көпке топырақ шашудан аулақпын. "Амалдар ниетке байланысты" деген хадис шəрифте айтылғандай,əркім өз ниетіне қарай несібесіне де,көздеген мақсатына да жетеді. Дегенмен,менің түсінігімде,егер сен жақсы,өз ортаңда сыйлы,құрметке лайық жан болсаң,сенің жаныңа да сондай жандар топтастырылады дегенге сенемін. Расында,"достық" ұғымының өзін алып қарайтын болсақ,халық арасында бұл сөз бұрыннан-ақ қадірлі ұғымға ие. "Адамды досына қарап таны", "Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды", "Досы жақсының,өзі де жақсы",- деген халық мақал-мəтелдері тегіннен-тегін емес.

Негізінен,достықтың берік бұзылмас тірегі-сенім мен адалдық деп білемін. Барлығымыз арамызға достықтың дәнін егіп,ол ағашымызға қарап суландырып тұрсақ,арадан қанша уақыт өтсе де,ол ағашымыз жайқалып,жапырақтары қаулап өседі. Өмір болған соң бірде мұңаямыз,бірде қуанамыз. Кейде көңілің жабырқап,достарыңды аңсаған шағыңда сол ағаштың саясына барып,көлеңкесіне бір демалып қайтсаң,мауқың басылып,өзіңе бір үлкен тірек тапқандай болып қайтасың. Сондықтан барлығымыз арамызға достықтың дәнін егіп,үнемі соған күтім жасап,қарауында болайық дегім келеді. Қорыта келе,əйгілі Қазыбек бидің мына сөзімен аяқтасам деймін:
"Адал болса-досың жақын,
  Еркелейтін-немерең жақын.
  Өз ұрпағың шөберең жақын
  Туып-өскен - елің жақын",-деп айтылғандай,адал,жақын,сенім арта білетін достарыңыз көп болсын! Адалдықтарын үнемі дəлелдеп,достықтарыңыз тек нығайған үстіне нығая берсін.

1
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 12 наурыз, 22:48
Пікірлер
+0
13 наурыз, 09:51

Достық та, дұшпандық та мәңгі бомлайды деген жақсы айтылған екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.