Тағдырға өкпе...

Тағдырға өкпе...
жеке
блог

-Өмірге не үшін келдім?!Тағдыр мені әбден әлекке салған...Неге мен сенген жандар жаныма жара салады,-деп ойлайтын бұл бойжеткен қыз әр түн көз іле алмай.

   ...Өмір біреуге қызық,біреуге шыжық,-деген рас екен-ау...

Бұл бойжеткеннің жасы 18-ге келе қоймаса да,ішкі жан дүниесі қырықтар шамасында.Себебі,жанын жегідей жейтін маза бермес сауалдар санасын қаптап алған...Ол қандай сауалдар дейсіз бе?Қазір білесіз...

    Жылап жүретін.Сыртқа көрсетпейін десе де,көңілін қара түнек басатын да тұратын.Ешкімді жанына жақын тартпайтын.Тіпті анасын да...

Бойжеткен дүниеге келерін де әкесі тастап кетіпті.Мұны бойжеткен 13 жасында бір-ақ білді.Ал әкем деп жүрген жаны өгей екенін кейін білген бұл қыз ұзақ жылады.Қазір ойлап отырса,өгей әке өгейлігін танытты ма екен,-деп те ойланып қояды.

...Осы бойжеткен өмір сүретін үйде төрт жан бар еді:анасы,әкесі,сіңлісі және өзі.Әкесі ішетін.Ішімдікке салынғаны соншалық,ішіп келгенде үй ішіндегілерге тиісіп,маза бермейтін.Оның кесірінен,анасы қаншама рет өз-өзіне қол жұмсамақ болды.Бұл әке қаншама рет қорлық көрсетті.Көпшіліктің ортасында анасын қаншама рет соққыға жықты.Әкесінің осы әректтері үшін бойжеткен қатты ызаланатын да ұялатын.

Қыздың тегі бірінші әкесінде еді.Мектепте "Әкеңнің есімі кім?"-деген сұраққа жауап беруге ұялатын.Бір рет бір балағаекінші әкесінің есімін айтамын деп әбден қорланғаны бар.Әлгі бала оның екі әкесі бар екен деп сыбыс таратып жүрді.

Бойжеткен кейде осы үшін анасын кінәлайтын.Басына "Ол менің әкемді жібермей ұстап қалғанда,бәрі де жақсы болар еді ғой"-деген небір ойлар келіп,іштенй анасына өкпе-реніш білдіретін.

Сіңлісін көрген сайын,мен басқаның,сен басқаның қызысың деп іштей жек көріп тұратын.Екеуінің мінезі де келіспейтін.

Бұл бойжеткеннің басына неше түрлі ойлар келіп,басқа жерге қашыцп кетуге қаншама рет оқталды.Бірақ қолынан келмеді.

Еркектерді өлердей жек көретін.Ол үшін әлемдегі барлық ер адам осы екі әкедей көрінді.Бірі-жауапкершіліктен қашып баласын тастап кетеді де,екіншісі-ішімдікке салынып,анасын соққыға жығуды ғана білетін.

Бойжеткен әр түн жылайтын.

Өз өмірін қатарластарымен салыстырып,олардың отбасына қызыға да қызғана қарайтын.Анасына "Өтінем,ажырасшы!Құтылайықшы одан,"-деп қаншама рет көз жасын төгіп жалынды-ақ.Анасы оның сөзіне құлақ аспайтын.

Кейіндері анасы көшеге қақаған аязда жалаң аяқ шығып кететін болды,бірнеше рет арқанға асылмақ болған жерінен көршілер құтқарып алған.Анасы бес мезгіл намаз оқитыны бар-ды.

Бір күні күндегі әдетінше,әкесі ішіп келіп,намаз оқып отырған жерінде анасын бір тепкен.Содан анасы намазын тастап кетті...

Бұл қыз он бес жасқа келгенде бұл отбасыда үлкен жарылыс болды.Анасы мен әкесі ажырасты.Үй әкесіне қалып,анасы екі қызымен бірге пәтер жалдап тұрмақ болды.

Бойжеткеннің қуанышында шек болмады.Алайда,бойжеткеннің өмірі әрі қарай қалай жалғаспақ?

Оны не күтеді?Бақыт па әлде...