Келіншектас

Келіншектас
жеке
блог

Келіншектас - Қазығұрт ауданында көпшілікке танымал, әзірге белгілі болған жалғыз балбалтас. Ол Алтынтөбе ауыл округіне қарасты Аққұм ауылының төменгі жағында орналасқан. Тас мүсіннен жаңа түскен келіннің сәукелесі, аяқтары анық байқалады. Дегенмен, мүсін авторлары "келіншектің" бет-әлпетін бейнелемеген.

Келіншектас

Тас мүсіннің жас шамасын Х-ХІІ ғасырлар шамасы шамалауға болады. Менің бала күнімде тас мүсіннің айналасында Түйетас, Тазытас, Жүктас деген секілді тас мүсіндер болатын. Қазіргі таңда ол мүсіндер сақталмаған, жергілікті тұрғындар құрылыс материалдарына бұзып алса керек.

Келіншектас
Халық аузындағы аңызда есте жоқ ескі заманда Қаңлы еліне алыстан ұзатылып келе жатқан қыздың көші туралы айтылады. Кенеттен жау шауып, көштегі ер атаулы сол қақтығыста түгел қырылып, әйелдер соғысқа кіріседі. Олар да күші басым жау қолына төтеп бере алмайды. Сол сәтте жау қолына түспес үшін жас келін Тәңіріне жалбарынып, тілеуі қабыл болып, тасқа айналыпты. Тас мүсін жанында сылдырып аққан кішкентай бұлақ бар. Ол бұлақ келіншектің көз жасынан пайда болған деседі.

Келіншектас