Не амал бар, қорғайтын Бердіханнан?!
жеке
блог
блог
Шыңындай болмаса да өр Алтайдың,
Табиғаты тым әйбәт Боралдайдың.
Биік жартас шалқайған қыз бейнелі
Көрінеді сәулесімен сонау айдың.
Байқалмақтың пейзажы алабөтен,
Шың-шоқысы: Пәкиза, Ара деген.
Керегетас өз келбетін көрсін дей ме,
Айнадай жарқырайды Балабөген.
Тауға өрлеп, төктік терді таңнан,
Жол бағыты - Таңбалы, енді қалған.
Шіркін-ай! Жүзімдікте тас суретті
Не амал бар, қорғайтын Бердіханнан?!