Қазақ ұлттық университетіндегі Жаппай ашық онлайн курстары

Қазақ ұлттық университетіндегі Жаппай ашық онлайн курстары
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті OpenEdx ашық платформасында ЖАОК енгізуден  Қазақстандағы университеттер ішіндегі көшбасшысы болып отыр. 

2014-2015 оқу жылынан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қашықтықтан білім беру орталығы оқытушылық-профессорлық құраммен бірлесе отырып, ЖАОК құру жұмысын бастады және қазіргі уақытта http://open.kaznu.kz  мекен-жайы бойынша Open edX жүйесінің негізінде жеке ЖАОК платформасының жұмысы жанданып жатыр.

2015 жылдың 1 қазанынан бастап бірінші рет  «Теория вероятности» және «Физические задачи с В. Кашкаровым» атты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жетекші оқытушыларының алғашқы ашық сабақтары жүргізіле бастады. Бұл курстарға Қазақстанның түрлі аймақтарынан 250-ден 500-ге дейін тыңдаушылар жазылды. Бұл курстарда негізінен  ҚазҰУ-нің 1-2 курс студенттері, Назарбаев зияткерлік мектебінің, мамандандырылған физика-математикалық  және жалпы мектептерден жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Деректерді талдау осы курстарға деген  үлкен қызығушылықты  оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері тарапынан осы бағытта жұмыс жалғастыруға  ынталандырудың артуынан байқауға болады. 2016 жылдың маусым айының соңына қарай жүйеде 2 мыңнан астам тыңдаушы тіркелді.

Жаңа білім беру бағдарламалары негізінде университеттің білім беру қызметтерінің ұшқырлығын арттыру мақсатында «e-learning» дамыту бойынша іс-шаралар кешенін іске асыру және қашықтықтан оқыту технологияларының (ҚОТ) базасында кадрлар даярлау үшін ЖАОК ұлттық платформасының жұмысын ұйымдастыру және қашықтықтан білім беру орталығының жұмысын күшейту  шеңберінде  университет басшылығы құрамында ұлттық платформаның жобалық офис деңгейінде жаппай ашық онлайн курстар орталығы құрылған, «Қашықтықтан білім беру орталығы» құрылымдық бөлімін «Қашықтықтан білім беру институтына» өзгерту туралы шешім қабылдады.

Есеп беру мерзімінде ЖАОК курстарына кестеге сәйкес 1017 тыңдаушы тіркелген. Зерттеу нәтижесі тыңдаушылардың көп бөлігі «Физические задачи с В. Кашкаровым» курсына қатысқандығын көрсеткен. Сондай-ақ, «Физические задачи с доцентом В. Кашкаровым» курсы бойынша толық оқып аяқтаған және 50% шекті өткен тыңдаушылар көп және белсенді тыңдаушылардың 46% құрайтынын атап өткен жөн.

«Физические задачи с доцентом В. Кашкаровым» курсында нақты есептерді шешу мысалында физикалық модельдерді талдаудың зерттеулік әдістемесі бейнеленеді. Аталмыш әдістеме мектептер үшін дәстүрлі емес элементтерден – өлшемділіктерді талдау, шекті жағдайларды талдау және симметрия ережелерінен құралады. Мұнда нақты есепті шешу барысындағы пайымдау логикасына баса назар аударылады.

Курс жетекшісі Кашаров Владимир Васильевич - Новосібір мемлекеттік университетінің жанындағы Новосібір физика-математика мектебінің түлегі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1972 жылдан бері доцент қызметін атқарып келеді.

Курстың негізгі ақпараты бейнесюжеттерге шоғырланған. Оларда нақты физикалық есептерді мысал ретінде ала отырып, ұқсастық пен өлшемділік талдауларын, шекті жағдайлар мен симметриялық талдауларды ұштастыра отырып, есептерді шешу әдістемесі ұсынылған. Кәсіби физиктер бұл әдістермен бұрыннан таныс, әрі оны ғылыми зерттеулерде табысты түрде қолданып келеді. Алайда, өкінішке орай, мектеп пен жоғары оқу орнына дейінгі білім беруде аталған әдістерге тиісті көңіл бөлінбейді, дегенмен тәжірибе көрсеткендей, берілген әдістерді меңгеру үлкен қиындық тудырмайды, тіпті, артықшылықтары да ұшан-теңіз. Кейбір күрделі есептерді жоғарыда айтылған тәсілдердің көмегімен жеткілікті шапшаң, әрі жеңіл шешуге болады.

Бейнесюжеттер тақырыптар мен әдістер бойынша біріктірілген он шақты тараумен бекітілген. Оларды көру барысында қатаң жүйе болмаса да, бірінші және екінші тараулардың сюжеттерін алдымен көруге кеңес беріледі. Әрбір сюжетті көріп болған соң мынадай сауалдарды өзімізді пысықтау үшін туындайтын сауалдар бар: берілген есепті шешу үшін қандай жаңа әдістер қолданылды; есепті шешу барысында қай тұстары аса ұнамды болды; қандай жаңа нәрсені үйрендіңіз.

Аталған әдістерді кез келген есепті шешуге қолдануға болады. Сонымен қатар курс авторы бейнесюжеттің көрермендерінен жалпы курс туралы және әрбір шығарылған есепке қатысты ой бөлісуді ұсынады. Осы мақсатта дискуссия блогында болған сюжетке қатысты ой-пікір таластыруға мүмкіндік берілген. Сондай-ақ, аталған сауалдарды ұжымның арасында әріптестермен де талқылауға әбден болады.

Авторлары: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушылары Оспанова Ш.С., Чигамбаева Н.Н.