Корейше "дорама" - қазақша "Нұрама"
жеке
блог

Корейше "дорама" - қазақша "Нұрама"

   Мен де өзгелерден қалмай басымнан өткен бір оқиға туралы жазып көрейін. Түрікше "турецкий сериал", корейше "дорама" болса, қазақша "Нұрама" деп атаймын бұны.

  Жалпы, мектеп туралы ойлайтын болсам, бірінші көз алдыма елестеп, ойыма оралатын «соңғы қоңырау».

   Тойдың болғанынан болары қызық демекші, бірінші соңғы қоңырауға дайындық кезін айтып берейін. Біздің сол жылғы түлектер мықты болған. Бірі спортшы, бірі ақын, бірі жазушы, бірі жас ғалым, бірі әнші, бірі биші тұғын. Мектепте болатын барлық іс шараларды біз – 11 сыныптар ұйымдастыратын едік. Содан бізге директордың орынбасары әбден сеніп алған. Сөйтіп, бізге 25 мамырға өздерің дайындалып, алып шығарсыңдар деп сенім артқан болатын. Бірақ, ҰБТға 1-2 ай уақыт қалған, бәрінің ойы ҰБТ боп жүргенде, ешкімнің ол шараға дайындалуға, тіпті ол шара туралы ойлауға да «желәниесі» болмады. Бір күні сол директордың орынбасары Жанар апай барлық 11-сыныптарды жинап алып ұрысқан болатын. Содан сол күн түстен кейіннен бастап қызу дайындық басталды да кетті. 1-2 күн ішінде би, ән шығарып, сценарий жазып барлығын дайындап қойып мәз боп жүргенбіз. Сөйтсек 23-мамыр күні Жанар апай(директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары) бізге сендердің іс-шараларыңа ҚР Білім және Ғылым министрі келеді деген жаман әрі жақсы хабарды жеткізді. Қуанайын десең, соңғы қоңырауға 2 күн қалды, ашуланайын десең біздің шараға анау-мынау адам емес, елордадан министрдің өзі келгелі тұр. Содан амал нешік, біздің ҰБТ форматын 1000 құбылтып, 1000 өзгерткен жынымыз келетін министрді уақытша жақсы көре тұруға тура келді. Сонымен апыл-ғұпыл дайындық басталды да кетті. Ойййййй, ол дайындықтың өзі не тұрады десеңізші... Басында, соңғы қоңырау АКТ залда болады деп 1 күн дайындалдық. Ертесіне соңғы қоңырау сыртта болатын болды деген хабар келді. Не қуанарымызды, не ашуланарымызды білмей қалдық тағы да. Неге дейсіз бе? Ашуланайын десең, шарамыз АКТ залға тығылыспай үлкен алаңда өтетін болды, қуанайын десең сценарийді бастан аяқ қайта өзгерту керек. Сонымен, не керек дайындық қайтадан басынан басталды. Қайтадан дайындалып жатқан бишілер, әншілер, вальсшілер)), аспанға ұшатын кептерлер, соңғы қоңырау қағушылар, ант тапсырушылар... Бәрі, бәрі басынан басталды. Таңғы 10 нан кешкі 7,8 ге дейінгі дайындақтар...

    Сонымен не керек, 1 күнде бәріміз сақадай сай дайын болдық. Сөйтіп 23-і күні кешке ұйықтайын деп жатсам, Сыдықова Эльмира апай( параллель сыныптың жетекшісі) хабарласады. «Нұрбол, сенің        АКТ залда сөйлеген сөзің бар едіғой. Сондай қылып ертең министрдің алдында сөйлеуің керек. Азанға дейін жақсылап сөз жазып келші» дейді. Міне, қызық. Азаннан кешке дейін дайындалып шаршап жатқан миға «давай, жазып тастайық» деп тұрып, сөзімді дайындадым...

    Таңертең мектепке бара салып, сөзімді тексерттім. Сөзім зың-зың, бірақ ұйық қанбаған басым дың-дың боп дайындық басталды. Мен негізі соңғы қоңырауды жүргізуші және соңғы қоңырауды қағушы едім, оған министрдің алдында сөйлеу қосылды. Сонымен, Жанар апай екеуіміз ақылдастық. Бетім бес гектар боп министрдің алдында олай-бұлай шыға бергенім ұят болар деп, жүргізушіліктен бас тарттым. Бір кезде директордың хатшысы келді, «Нұрбол, сені апай шақырып жатыр» деп... Ал, тағы не болды екен, өзі жаңа реформалар мен өзгерістерге тоймайтын министрдің қатысатын шарасы да өзгерістен де көз ашпайтын болды-ау деп қоям( ішімнен, әрине).

      Күлзипа апайға( директор) барсам, ол менің сөзімді көруге шақырған екен. Сонымен түнімен отырып жазған сөзімді оқып бердім(оқып отырып, мә мен негізі мықты жазып қоям я деп мақтанып та қоям))). Апай «сөзің керемет» деген оң бағасын берді. «Бірақ, сөзің ұзақтау. Сәл қысқарту керек. Ол жердегі шарамыз тура 45 минутқа сиюы қажет», - деді. Сөйтіп сөзімді қайта-қайта қысқартып, оны секундомер қосып оқып, 3-4 минут уақытқа сиғыза алмай шаршадым. Ақыры болмаған соң, «апай, сөзімнің бар қысқарғаны осы. Бұдан артық қысқартсам я мән, я мағына қалмайды» деп апайға алып бардым... Директор Күлзипа апай, аудандық білім бөлімінің басшысы Ақзира апай үшеуіміз отырып ақыры бір шешімге келдік. Қанша уақыт отырып шешкеніміз: мен 5 минут сөйлеймін, бірақ директор сөйлемейді. Яғни, мен директор сөйлейтін 2-3 минут уақытты да қосып алатын болдым. Сөйтіп, бәрімен келісіп, кешкі 8де үйге қарай қайттым.

    Cонымен не керек ертеңгі шараға дайындалып алдым да, ұйықтадым. Бізге азанда ертерек 8дерде келіңдер деген болатын. Үнемі барлық жерге уақытылы баратын мен, сол күн кешіктім. Мұғалімдердің, «завущтардың», балалардың қайта-қайта хабарласқанына қарағанда «отдуши» кешіккен сияқтымын. Сөйтіп үйден асығыс шыға салып, таксиге мінейін десем, көшеде бір машина жоққой. Сұмырай келсе су құриды дейін десем, сұмырай емес сияқты едім))) Сонымен өйтіп-бүйтіп бір такси тоқтаттым. Қырсыққанда такси жүргізушісі үлкен аға. Ойбууу, шумахерлігіне ырза болдымғой. «Аға,тездетіп жібересіз ба, асығыс едім» десем, «а жақсы жақсы» деп жаймен 40 пен келе жатырмыз. Ана жерде асыққаным сонша машинадан түсіп, жаяу жүре бергім келіп кетті. Онымен қоймай, барлығы хабарласып жатыр «қайдасың, бол» деп. Менің кешігім келе жатқаныма солар кінәлі сияқты, «қазір бара жатырмынғо, звандай бермеңдерші» деп қоям))

     Әйтеуір асықпай, аптықпай, барлық машина, сиырларға жол беріп мектепке де жеттім. Мектепке кіре салғаным сол екен, артымша министр кіріп келді. Киімімді дұрыстап, лентамды таққанымша болған жоқ, «Нұрбол, сен шығасың» деді. Апыл-ғұпыл шықты ма, микрофонға жақындап халық пен қонақтармен бір амандасып алып, жібердім аттың басын)) Сөйлеп жатып министр мен облыс әкімінің түріне қарап қойсам аң-таң боп қарап тұр. Не болды деп қоямын деп ішімнен)) Сөйтсем, олар менің сөйлегеніме таңқалысып тұр екенғой. Бұған да бір қуанып қалдым)) Бұл да бір жетістікқой. Кішкентайымнан ертегі оқып, 9-сыныптан бастап роман оқып, мақала, шығарма, эссе, сценарий жазғанның пайдасығой...

    Осы жерде айта кететінім, егер сіз қандай да бір өзіңізге пайдалы іспен айналысып жатырсаңыз, оны ешқашан доғармаңыз. Себебі, ол іс сізге дәл қазір нәтиже бермесе де, күндердің күнінде өз жемісін берері анық. Мысалы, мен қазір осы оқиғаны әңгіме етіп жазып отырғаным да пайдалы жұмыс. Мейлі бүгін мен 6 сағат ұйықтап, қазір шаршап, басым ауырып жазып отырсам да бұл маған пайдалы және маған рахат сыйлайтын жұмыс. Бұл жасап жатқаным дәл қазір бір жетістікке жеткізіп немесе бір мақсатымды бағындыртып тастамаса да, менің нәтиже көрсетуіме, журналист болуыма үлкен септігін тигізері анық. Ал, сіз қазір осы оқиғаны оқып отырсыз және өзіңізге сәлде болса, мотивация алды деп ойлаймын. Демек, дәл қазір сіз де пайдалы іспен айналыстыңыз. Осымен, бұл оқиға бітті. Енді орныңнан тұр да жұмысыңды жаса. Сәттілік!