Райхана Мухлис

Райхана Мухлис
жеке
блог

Сәлеметсіздерме! Бүгін мен сүйікті әншім туралы жазбақшымын. Жалпы әркімнің өзінің сүйіп тыңдайтын әншісі болады ғой. Сол сияқты мен де өзімнің үлгі тұтатын тұлғаммен бөліскім келіп отыр. Ол-Райхана Мухлис. Оны кейбіреулеріңіз білмеуіңіз мүмкін. Өйткені ол бір жыл бұрын сахналарға шығып бастаған болатын.Жалпы музыка десе ішке асын жерге қоятын адамдар бар емес пе? Міне Райхана сондай адамдардың бірі. Алдымен оның өмірбаянына тоқталсақ. Райхана

Алматыда туылған Райхана 17 жасында Нью Йорк қаласына оқуға барып, сол жерде 5 жыл өмір сүрді. Қазақстанға оралған ол, 2017 жылы қаңтар айында өзінің "Навсегда" синглын шығарып, өзін кәсіби музыкалық мансабын бастады. Алғашқы синглы орыс тілді болғанымен, өлең мәтіндерінің көбісін Райхана ағылшын тілінде жазады. Одан кейін Feel me, No More және Dash атты өзге де синглдарды жазды. Әнші RnB, Soul, Pop, Hip-hop стилінде өлең айтады.Райхана

Мен Райхананың сүйікті тыңдармандарының бірімін. Маған Райхананың музыкаға деген махаббаты, ерекше вокалы, сахнада өз-өзін ұстауы ұнайды. Ол осы уақытқа дейін Астана мен Алматы қалаларында жанды дауыста өнер көрсеткен болатын. Мен негізі қазақстандық әншілерді онша көп тыңдамайтынмын, тек өздеріңізге белгілі Ғалымжан Молданазардың әндерін ұнатамын. Мен Райхананы инстаграм арқылы білдім.Сосын әндерін іздеп, ютубтан оның "No more" атты синглын тыңдадым. Кәдімгідей қатты ұнады. Мен тіпті шетелдік әншіні тыңдағандай әсерде болдым. Ешқандай акцент жоқ, таза ағылшын тілінде. Қазақстанда да осындай әншілер бар екен ғой деп ойладым. Сосын интернеттен Алматыда Go Viral фестивалі болатынын, онда Райхана Мухлис ән айтатынын білдім. Көп ойланбай көрермен ретінде қатысуға ұсыныс тастап, тіркелдім. Бағыма орай тіркеуден өттім. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, сен біреудің әнін сүйіп тыңдайсын және оның  жанды дауыста өнер көрсетуінде боласың. Керемет емес пе?!:)  Өзімнің сол кездегі әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Ол өлеңдерінің көбісін АҚШ-та оқып жүргенде жазған. Бірінші каверлерден бастаған ол Beyonce, Justin Bieber, Rihanna, Drake сияқты атақты муызыканттардың репертуарларындағы әндерін орындаған.Райхана

2017 жылы тамыз айында Алматы қаласында алғаш рет өзінің жеке концертін берген болатын. Және сол жылдың соңына таман Райхана Satellite, Downtown girl атты әндерін шығарып, бірнеше тыңдармандарының көңілінен шыққан болатын. Ал жақында ғана  "a call."  cинглын ұсынды. Райхана осы уақытқа дейін көбіне Eldar-q, Naptapes, Farleon атты музыканттармен бірге жұмыс жасап келді. Бұйырса көп ұзамай алғашқы альбомы дайын болады.Райхана

Негізі Райхана Америкада маркетинг саласы бойынша оқыған. Бірақ бала кезінен әнші болуды армандаған оны әрдайым музыка тартып тұратын, яғни музыкаға деген құштарлығы басым болды. Басқа мамандықта білім алса да, өз арманына ұмтылды. Міне арманы орындалды! Қазір өз арманында өмір сүруде. Арман ешқашан адастырмайды екен.Райхана

Егер сіздерге Райхананың шығармашылығы қызықты болса, төмендегі сілтемелер арқылы әндерін тыңдауларыңызға болады.

https://vk.com/raikhanamukhlis