Акция және облигация туралы білгіңіз келсе...

Акция және облигация туралы білгіңіз келсе...
жеке
блог

–Сәлеметсіз бе Данара Оралбайқызы!

– Сәлеметсіз!

 – Өзіңіз білетіндей бүгінгі таңда қаражат өсіретін не болмаса жоғары пайызда қаражат сақтайтын компаниялар көбейіп кетті. Осыған орай акция және облигация ұғымы кеңінен таралуда.  Осы аталған құнды қағаздар бойынша ақпарат беріп өтсеңіз.

–   Иә, өзіңіз айтқандай акция және облигация бұл ең маңызды,құнды қағаздардың бірі болып табылады. Акция дегеніміз акционерлік қоғамның бір бөлігін иемдену құқығын беретін құнды қағаз. Белгілі бір компанияның не болмаса басқа да бір ұйымның акцияларын сатып алған жағдайда, сол акционерлік қоғамның акционері боласыз. Пайдасы бар акциялардың құны мен мөлшеріне сәйкес акционер жыл сайын табыс табады. Ал, облигация – қарыз, демек кез-келген компанияның облигация шығаруы өзге қаржы инситутынан қарыз алып, уақыт өте келе оны иесіне пайызымен қайтаруы керек дегенді білдіреді. Мысалға, белгілі бір компания облигацияға банк немесе Қаржы министрлігі арқылы қол жеткізеді. Облигацияны акция тәрізді биржаға қатысып ала аласыз.

  – Аталған құнды қағаздардың айырмашылығына кеңінен тоқталсаңыз.

– Акция мен облигацияның айырмашылығын қарастыратын болсақ: облигация тұрақты түрде кіріс алып келетін, қаражатыңыз қайтарымды құнды қағаз, ал акция облигацияға қарағанда инвестиция үшін анағұрлым қауіпті құрал.

– Акциялар бойынша қауіптілік жағдайларын қарастырып өтсеңіз.

– Акциясы бар үлескер жоғары пайызда пайда табуы мүмкін, әлбетте компания жабылып немесе ликвидацияға ұшыраған жағдайда барлық  капиталынан айырылып қалу қаупі бар, не болмаса пайыздық қосынды мүлде алмауы да мүмкін. Ал облигация шектеулі мерзімде, белгілі уақыт аралығында тұрақты табыс береді. Акциясы бар үлескер компанияны басқару ісінде өз даусымен үлес қоса алады, ал облигацияда жоқ. Акцияның бағасы облигацияға қарағанда үнемі өзгеріп отырады.

- Елімізде осы құнды қағаздардың пайдалануы жайлы айтып өтсеңіз

- Жалпы біздің елде облигациялар кеңінен таралмаған. Банк қызметкері ретінде айтарым, бізде көбінде несиені басты назарға қояды. Әрине, несиенің өз артықшылықтары бар, бірақ акция және облигация сынды құнды қағаздардың басымдылығы көбірек. Аталған құнды қағаздар батыс елдерінде кеңінен таралған. Сонымен қатар, батыс елдерінде саяси тұрғыдан қарапайым халық үшін осы қағаздардың маңыздылығы  кеңінен таныстырылады.

-Жауабыңызға көп-көп рахмет!