Jan`a tynys: ТОХТАР АЛИМБЕКОВ!

Jan`a tynys: ТОХТАР АЛИМБЕКОВ!
жеке
блог

   Армысыздар құрметті массагет порталының оқырмандары. Менің жаңа жобаның алғашқы санын бастайын, өткені мерзімін созып кеткен секілдімін. 

   Тохтар Алимбеков-жас кәсіпкер, Шымкент қаласында 8-ші мектепте оқып, одан соң қазақ-түрік лицейіне ауысады. 11-ші сыныпты бітіре салып, Алматы қаласындағы КИМЭП университетіндегі жартылай ақылы бөлімге түседі.Бірақ қарапайым отбасыдан шыққан жігерлі жас, құжаттарын алып АҚШ-тың Мичиган қаласына аттанады. Сол жақта президенттік грантты ұтып алып. Кәсіпкерлік іс жөнінде жоғарғы білім алады. Жастардың жүздегені шетелде қалып, отанының ісін сағынып, жерінін топырағын басалмай жүрген кезде. Тохтар еліне биік басымен оралады. Қазақстанда әділдік пен жемқорлық қатар өрбіп келе жатқан кезде, бір мақсаттқа жету жолы үрбелең белес болды дейді жас кәсіпкер.Шымкенттің мәдинетінің мәуеиін асқақтатып, жастарды шабаттандырып жүрген бұл тұлғаға көзім түсті. Азын аулақ сұрақ қойып, сұхбат алып қайтқан жайым болды.  

-Сәлеметсізбе, Тохтар Алимбеков мырза, қош келдіңіз! Көңіл күйіңіз қалай? Өзіңізді оқырман көрермендерге таныстыра кетсеңіз!

-Сәлеметсіз, көңіл күйіл тамаша, шақырғаныңызға көп алғыс.Мен Шымкент қаласында туып өстім, осында мектеп бітірдім. Мичиган қаласында бакалавр бөлімін, 4 жыл оқып түған жеріме қайта оралдым. Қазіргі таңда әлеуметтік жобалар жасаймыз.

  Шетелден қайта оралған жас кәсіпкер, өз жобасын бастамас бұрын қаржыландыратын жоғарыдағы адамдар іздейді. Өз жобаларынмен таныстырып, бір емес үш рет калкуляторды ұсынғанын көрген Тохтар, дәл солай оны қайтарып береді. 100 күнде 0 теңгеден кәсіп ашамын деп мақсат қойған жас жігіт, ол мақсатынан айырылуды мүлдем ойламайды. Алға қарай жылжуды тоқтатпаған ол, бұдан кейін айтулы қадам басады. Теле журналисттар мен "Атамекен" кәсіпкерлік палатаның өкілеттіктерін шақырып, пісіп тұрған жобасын таныстырады. 

-Тамаша, өзіңізді еркін ұстаңыз, сіздің Шымкент қаласының жастарының рухани жаңғыруына үлес қосып, түрлі әлеуметтік жобалардың авторы атанып жүргеніңізді бірі білсе, бірі толып білмес. Сол туралы айтып кетсеңіз.

-Ия, біз қазіргі кезде әлеуметтік жоба жасап оны дамытып жатқанымызға жарты жылдың көлемі болды. Жалпы жоба "U:project" деп аталады, яғни "сен" деген мағына. Бұл жобаның басты мақсаты "Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін көтеру" яғни, бізде Шыкмент қаласында жастарға, өсемін-өнемін дейтін жастарға мүмкіншілік аз еді.Мен өзім кәсіпкермін және мен сияқты жас кәсәпкердің басын қосып соның нәтижесінде шыққан жоба. Ол жеті тараудан тұрады, сол жеті тарауға қатысып белсенділік танытқан жастар, Шымкенттің мәдинетін көтеруге үлес қосып, өз қаласын сүюге күшін салады.

Табандылық пен ақыл ойды қатар алып өскен Тохтар, мектепті алтын белгімен аяқтайды. 3 миллион теңгені қаржыландырудан алғып, Шымкенттің қақ ортасында ерлер шаштаразы "Chaplin`s barbershop"-ты ашады. Жоғарғы деңгейдігі барберлерді жұмысқа алады, сөйтіп көп ұзамай өзінің ерлер шаштаразы Шымкент қаласында беделді орын алып, 3 миллион теңгені жарты жылда ақтап береді. Қазіргі таңда бір мастердің айлығы 200 мың теңгеден кем түспейді.

 

-Тоқтар мырза сіз қазіргі заман жастарының бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыз?

-Алысқа кетпей Шымкенттік жастарын айта кетсем, менің таңғалғаным бұл жердің жастары қандай адам болмасын жақын тарта біледі, барын аямайды. Және іске келгенде өте тиянақты, алғыр,  жаңа ашылуларға дайын. Қазақстанның мәдинеті мен салт-дәстүрін қатты бағалап, оны сақтайды. Одан шығатын бірігушілік ,ауызбіршілік.АҚШ-тың жастарымен салыстырғанда, бұл жақтың жастары мені қазіргі таңдағы жетістіктеріме шабыттандырған бірден-бір себеп.

-Жастар шетелде қалып кетіп жатыр, оның бірден бір себебі сол шетелдің жұмыс пен қаржы жағынан алда болуы солай ма, қала берсе жеріне деген сүйіспешлік қасиеті жоқ, немесе тағы басқада дәлелді жағдайлар. Сіз қайта оралдыңыз осының себебі неде, және басқалардың қалып қою себебі неде?

-Менің білітен достарым мәселен, шетелде қалып қойғандардың себептері сан түрлі, оларды сен неге қалдың, неге қайтпайсың еліңе деп кінәлеудің еш себебі жоқ. Яғни менің ұстанымын, қазір 21-ші ғасыр глоболизация өрбіп тұр, менде сол ұстаным, яғни біз Қазақстан деген жалғыз жерде тұрмаймыз, біз жер деген планетаде тұрамыз солайма, бір аспанның астанды. Бөліп жарудың еш қажеті жоқ. Және олар ойлайды Қазақстанда дами алмаймыз, өсе алмамыз деп. Ия, мен оны жоққа шығармаймын, бұл жақта көтерілу қиын, бірақ мүмкін емес емес. Көбісі қазақтарды сол үшінде жалқау деитін шығар, бұл жақта жай ғана көбірек күшіңді салып еңбек етуің керек. Менің отаныма бірден бір қайту себебін И.С.Тургеновтың "Отцы и дети" деген шығармасын оқып, келген себебімде сол болатын.

-Қазіргі кезде Қазақстанды кәсіптік жағынан жаңа деңгейіге көтеру үшін, қандай жаңа жобалар, кәсіп орындар керек?

-Шымкентте жас кәсіпкерлердің көлемі артып келеді. Жаңа басында айтып кеткендей. Жастар білімі мен тұлғалық қабилетін жақсы дамытып, жан-жақтылықпен айналысса өзіне керекті сай жұмысты табады. Яғни, біздің жобамыздың бір тарауы сол нәрсеге бағытталған, адам өз-өзін дамыту. Біздің елде ол жағынан проблема бар, жаңашылдықты енгізуді өте күрделі санап, қалыптасқан білім жүйелерін енгізген, ал ол нәрседен даму қиындық соғады, яғни жастар қалыптасқан жұмыстармен айналысып, диплом алып, өз жұмыстарына риза болмай жатады. Ол кезінде уақыталы дамып, жолын дұрыс бағытқа бұрмау мәселесі. Кемеңгер президентіміздің айтуынша болашықта Қазақстанды жеке кәсіпкерлер көтереді деп.Орта және шағын бизнес. 

Жастарым бар көзінде от ойнаған,

Жүректері арманмен толастаған.

Елімнің болашағын қолға алар,

Сен тұр, мен атайын деген олар.-дей отырып Тохтар Алимбековтың көзіне тік қарауды шештім. Көкірегі ояу қазіргі заман батыры десті, бірақ найза-балта емес, ақыл-оймен жүйрік шабытты тұлға десті. Алға нық қарайтын, өткенінен сабақ және ой түйе білетін азамат. Тохтар мырзаның алдағы жеңістеріне тақымымызды қысып отырсақ екен. Дәл осындай жастар арқылы еліміз көркие бермек! Менің бұл сұхбат арқылы жас буынға айтқым келгені. Тохтардың бойындағы табандылық пен патриотизм үлгі болса деймін. Қандай жағдай болмасын БЕРІЛМЕУ. Тохтарғада күлген сенбеген адамдар көп болған. Туысқан ағалары "Шетелде оқып келіп, неге шаштараз аштың" -деп біраз сөккен кездері болған. Ал, білсеңіз сөз сүйектен өтеді. Ол шаштаздан басқа оның астарында көптеген жобалар барын айтып түсіндіре алмаған. Кім недеседе, алған бетіңізден қайтпаңыз, тек солай ғана мақсат өмірге айналады!



НАЗАР САЛЫП ОҚЫҒАНЫҢА РАХМЕТ! АРМАНЫҢА СЕН, СЕНДЕ БӘРІ ОРЫНДАЛАДЫ, ЕШ КҮМӘНІҢ БОЛМАСЫН!!!!