Қазақстандық әншілер той мен саxнаны шатастырып жүр ме?

Қазақстандық әншілер той мен саxнаны шатастырып жүр ме?
жеке
блог

Бүгінде елімізде ән де көп, әнші де көп. Жұртты таң қалдырамыз деп саны көп, сапасы жоқ әндер жазып жүрген әншілеріміз де аз емес. Бұрындары танымал жұлдыздар жылына 1-2ән ғана жаздыратын. Қазіргі таңда Шәмшінің, Алтынбек Қоразбаевтың немесе Кеңес Дүйсекеевтің әніндей құлақ құрышын қандыратын туындылар азайып кетті десек артық айтқанымыз емес. Оның орнына әншілеріміз шетелдерден, қызғыздардан, өзбектерден алады. Оның үстіне жұлдыздарымыздың әнінің барлығы дерлік шоу бизнеске емес той бизнеске арналған. Киелі саxна мен көптің қуанышын арқалаған тойды шатастырып жүрген жұлдыздарымызға қатысты Т.Серіков өз пікірін білдірді. "Қазіргі қазақтың мен деген азамат әншілері той мен саxнаны шатастырып алды. Репертуарды арзанқол әнмен ластауға болмайды" деп өз кеңесін берген болатын. 

Бұл пікірмен танымал қазақстандық сазгер Қалдыбек Құрманәлі де келісіп отыр. Бұл жайында сазгер жақында ғана НТК арнасында берген сұxбатында айтқан болатын. 

  Танымал сазгер той әншілерін саxнаға шығармауды ұсынды. 

"Саxнаны неге киелі дейді? Бұған адам алдын ала билет алады,киімін дайындайды, гүлін алады,кешіңе қатысады. 

Ал,тойда отырсаң біреу темекісін шегіп келіп жатыр, біреу тамақ жеп отыр, біреу суретке түсіп отыр. Ол саған деген құрмет емес" деп ашынған болатын сазгер. Алайда, бұл пікірмен  кейбір әншілеріміз де бар. Біз ешкімнің пікірін жоққа шығара алмаймыз. Әркім өзінше ойлайды. Ал сіз бұл тақырыр жайында не айтасыз? Ойыңызды қалдырыңыз.