Креативтіліктің 3 тетігі

Креативтіліктің 3 тетігі
жеке
блог
Әрбір кішкентай жеткіншек дүниедегінің барлығын білгісі келіп, "мынау неге мынандай?Ол неге өйтеді? Бұл қайдан шықты? Ол қалайша?" деген сұрақтарды жаудыртады. Өкініштісі сол - есейген сайын адамдардың қызығушылығы азайып, немқұрайлылықпен қарай бастайды. Ал менің миыма келіп түсетін ақпараттан, оны қорытқанда пайда болатын сұрақтар көп па деп қаламын.
     Соның соңғысы - әлемде 7 миллиярд адам бар және әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Неге кейбір адамдар жетістікке жетеді, басқасы тар қапастың қойнауын өзіне мекен етеді? Неге кейбір адамдар өзгелерден өзгеше? Ал ерекшелік деген не? 
Сонымен сіздіңше КРЕАТИВТІЛІК ДЕГЕН НЕ?
*ойлану процесі*
*ойлану процесі*
*ойлану процесі*
Менің соңғы жауабым былай шықты, әрине, #ОқушыКөзқарасымен
1. Typical thinking 
#креатив болу үшін БАРЛЫҒЫ сияқты ойлау қажет.  Яғни басқалардың ойлауы мүмкін ойлардың варианттарын қарастырып көресіз. Бұл - сізді неден және кімнен, қалай және қашан ерекшелейтінін бағамдап алу үшін. 
2.Over thinking 
Сосын ойламауы мүмкін ойлардың 5-6 тізбектейсіз. Басқаның санасына сыймайтын дүние не болатынын тізбектеңіз. Шашыраңқы қиял болса да, түртіп алыңыз. Өйткені адамдар ұшақты құстың қанат қаққанына қарап ойлап тапқанын ұмытпаңыз. 
3. Critical thinking
Сосын асқан креатив адамдар, сыни ойлауы дамып кеткен жандардың кейпіне еніп, өз жұмысыңызды сынаңыз. Ия-ия, жюри болыңыз. Бірақ өзіңіз ретінде емес, сіз ерекше құрметтейтін, сыны әділ әрі қатал, сіздің жасаған саланың кәсіби маманының көзімен бағалаңыз. Сурет салатын болсаңыз, Пикассадан бастаңыз, ақын болсаңыз, сөзге шешен идеалыңыздың дауыс ырғағымен дауыстап оқыңыз. Қай жерін ұнатып, мақтар еді, қай тұсын жақтырмас еді деген сұрақтарға жауап беріп, жобаңызды тиянақтаңыз. 
   Идеяның тоқетерін шығарарда басқалардың ойлайтын дүниесін сызып тастайсыз, я болмаса соны түрлендіресіз. Ешкімнің басына кіріп-шықпайтын ойларды бір арнаға тоғыстырасыз. 
  Осы алгоритммен жұмыс жасасаңыз, жұмыс орныңызда да, оқу орныңызда да ЕРЕКШЕСІ сіз болатыңызға сенімдімін!