Фотосурет қалай пайда болған?

Фотосурет қалай пайда болған?
жеке
блог

Фотографияның тарихы

Фотосуреттің тарихы  IV  және  V ғасырларда бастау алуы  мүмкін, өйткені қытай философы  Мо Ти мен грек флософы Аристотельдің суреттеп  жазған камеера-обскураны қолдануы осыны куәландырады.   Келесі ғасырда византиялық математик Антемий Тараллский каера-обскура өз зерттеулерінде пайдаланды.  Камера-обскура термині  қараңғы бөлме деген ұғымды білдіреді.  Бұл ежелгі  прототиптің  қарапайым  түрде  қолданылыуы  қазіргі замандағы камераларды жасаудың маңызды қадамы болды.                        XIX ғасыр бойы  түрлі түсті фотосуреттің мүмкіндіктері зерттелді. Әйтсе де проекцияланған  уақытша суреттер  орнықты түрлі түсті суреттерге қарағанда ежелгі кездегі тәжірбиелерге көп дәрежеде қызмет етті. 1861 жылы Джеймс Кларк Максвелл бірінші болып торлы таспаның орнықты суреттерін алды. Түрлі түсті  фотосуреттерді алу үшін пайдаланылған алғашқы "автохром" фотопластинасы 1907 жылға дейін нарыққа шығарылған жоқ.

Алғашқы екі өлшемді суреттер

Екі өлшемді суреттерді жасаудың механизмі 1860 жылдары ұсынылды.Механизм  зоотроп,мутоскоп,праксиноскоп  деп  аталатын   құрылғылардан  тұрды.  Бұл құрылғылар көрерменнің қабылдау  инерциясы деп аталатын  құбылысты жасады.  Ол қозғалатын  суреттерді әсерлі етіп жасау  үшін жеткілікті үлкен жылдамдықпен көрсетілетін стопкадрлардың тізбегінен тұрды.

Фотограф термні қалай пайда болды?

Джон Хершель 1839 жылы "жарықтыі суреті " деген түсінікті білдіретін  "фотография" терминін гректің " фото" және "граф" сөздерінен құрастырды. Сол  кезден  бастап  қозғалмайтын  немесе   қозғалатын  суреттерді жасау, көркемөнер немесе  шығармашылық процестер фотография деп аталды.

 

(жиған терген)

Жұмахан Нұрлыхан