Интернат өмірінің қызықтары
жеке
блог

Интернат өмірінің қызықтары

Интернат ұғымы қазақ тарихының сахнасына Патша үкіметінің отарлауы кезінде енді.Алғашында интернат шалғай жердегі малшы балаларына арналған орта болды.Кейіннен жағдайы төмен отбасы балаларына ашылды.Қазіргі уақытта дарындыларға арналып ашылды.Айтпақшы,интернат ұғымын бізге кім енгізді? Әрине,қазақ елінің ағартушысы Ыбырай Алтынсарин.Ағартушы іргесін салып кеткен Ырғыздағы қазақ қыздарына арналған мектеп-интернат қазіргі қоғамымыздағы интернаттардың іргетасы болып табылады.Елімізде қазіргі уақытта көптеген интернаттар бой көтеруде.Жо-жоқ.Барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналмаған.Қазақстан дамыған,бұрынғы кездегідей интернат салатын емес,дарынды балаларға арналған интернаттарды салады.Тағдырыдың жазуымен жағдайы төмен жандарға ашылған интернаттар лайым аз болғай. 


Интернат туралы кеңес дәуірінде біршама жазушыларымыз ақындарымыз өз өлеңдері мен әңгімелерін жазып кеткен.Біршамасы өзімізге таныс.Ал,мен сол жазушыларымыздың ізін жалғап,интернаттың қазіргі қоғамымыздағы жаксы жақтарын айтып кетсем.

Интернат қазіргі уақытта ауқымына қарай, мамандандырылғандығына қарай бірнеше түрге бөлінеді:

Ауқымына байланысты: Республикалық, Облыстық,Аудандық

Оқытуына қарай:Мамандандырылған,отбасы жағдайына байланысты

Мамандандырылуы бойынша:гуманитарлық бағыт,жаратылыстану бағыты,спорттық бағыт,түрлі тілдерді оқыту.

Естігеніңе емес көргеніңе сен демекші интернат дегенде маған шынымен де қорқынышты ойлар келетін.Қорқынышымды артқа тастап интернатқа оқуға бел байладым.осылайша ата-анам мені Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа берді.Ол кез 8-сынып болатын.Қазір білдей атағы шыққан интернат түлегімін.Интернатқа келгеннен бастап бірден жаман ойдан арылдым. Мен ғана емес,қатарластарым да.

•Интернат өмірінің қызықтары:

· Интернат бауырмалдылыққа үйретеді......

Иә,интернатқа келмей тұрып мен өзімшіл,бір сөзбен айтқанда эгоистка болдым.Өмір өзгереді екен.Бір қазаннан ас ішіп, 24 сағат бойы жаныңда жүретін бауырларыңның,яғни,сыныптастарың мен достарыңның арқасында бауырмал болады екенсің.Басқалардан гөрі бір-бірімізді іздеп,қуанышымыз бен қайғымызда ортаға салыстық.Бір сөзбен айтқанда Бір үйдің баласындай болып кеттік.

·Интернат еңбекқорлыққа үйретеді......

Үйде жүргенде жұмыстың біршамасын белгілі бір заттардың көмегімен,үйдегі адамдардың көмектесуімен атқарып жатамыз.Ал интернатта басқаша.Таңертең алтыда тұру,заттарыңды жинау,кірлеріңді жуу бөлме жинау,таңнан кешке дейінгі қажеттіліктеріңді істеу секілді нәрселер өз қолыңда.Иә бірақ тамақ жасау секілді үйдің тірліктері интернатта кездесе бермейді.Бірақ интернаттағы бір күндік тірлік сені еңбекқор етеді

·Интернат қасқыр болуға үйретеді........

Алдыңда қиындықтар кездесіп қалса,бұрынғыдай шешіп беретін ата-анаң шалғайда.енді не істеу керек?Проблемаңды шешу өз қолыңда.Керекті нәрселеріңді істеу үшін өзің жүгіресің.Жан-жақпен байланыс жасауға тырысасың.Ісіңнің бас-аяғын тындыру үшін біреуге жағу немесе өз айла-әрекетіңді қолдану секілді нәрселерге барасың.21 ғасыр да осындайды талап етеді.Тұйық мінезді,проблемаларды шешуді үйренбегенднрге интернат қасқырлықты үйретеді.

·Интернат жауапкершілікке үйретеді...........

Интернат оқитын әрбір оқушы,түлек жауапкерлшілігі мол жан болып өседі.Бұл-интернат табалдырығын аттаған сәттен бастап бойға дарыған маңызды қасиетіміздің бірі.

·Интернат тәртіпке бағынуға үйретеді........

Темірдей тәртіп тек әскери жерде немесе белгілі мекемеде ғана басты назарға алынған деп жатады.Негізінде темір тәртіптің алғашқы болып дәмін тататындар интернаттықтар.Интернат оқушыларының белгілі тәртіп кестесі болады.Осы кесте бойынша жүріп тұру арқылы біз күнделікті тәртібімізді реттеп,уақыттың қадірін білеміз.Тәртіпке бағынған құл болмайды деп бекер айтпаған.Иә,біз құл болмай,керісінше болашағымызда үлкен пайдасын тигізер тәртіп иесіміз.

·Интернат үнемшілдікке үйретеді..............

Үйде жүргенде аптасына кем дегенде 1-2 зат алмасақ ішіміз ауыратыны өтірік емес.Интернатқа келгенде ақшаның ауадан келмейтінін білесің.Қадірін түсінесің.Осылай отбасыңа пайдасын тигізетін үнемшіл боласың.

Қарап отырсаң,интернатты жаман жағы жоқ екенін байқайсың.Жауапкершілігі мол ,тәртіпке бағынатын,үнемшіл,бауырмал,жан-жақты адамды кім ұнатпайды.Міне осылар интернаттың бізге беретін пайдасы. 

Интернатта оқу арықылы өмір сүріп үйренесің.Ата-анаңнан қашықта жүрсең өміріңнің тоқтап қалмайтынын білесің.Алыс-жақынның қадірін біліп,ешкімге масыл болмай өмір сүре аласың

Менің интернатымнан түлеп шыққан ел атақтылары көп болмаса аз емес-ті.Мен болашағымның айқын,тек жақсылыққа толы болатынына үлкен сенім артамын. Себебі соңғы 4 жылда интернат ата-анамның тәрбиесіне тағы да тәрбие қосты.

Интернат – менің өз үйім