жеке
блог

Сенімсіз жүрек...

Егер бәрі біз ойлағандай еш қиындықсыз,ешқандай еңбексіз келер болса біз оның қадірін біле алмайтын шығармыз.Өмірдің дайындаған тосын сыйы мен қояр талабы бар екенін білеміз.Бірақ,біле тұра сәл сүріне қалсақ та тағдырымызға ренжігендей боламыз.Кей адамдар өздері жетпеген жетістікке жанындағы адам жетіп,байлыққа,атаққа бөленгенде жеткен еңбегін таразыға салып,зерделей бастайды.""Мен бәрін біле тұра,сол сынақтан өте алмадым,күні-түні дайындалдым, ал оның мен тәрізді қиналып дайындалғанын,шаршаған түрін көрмедім,демек танысы бар болғаны ғой"-деген ой сананы жаулар алатыны рас-ау!Оның бір ғана жауабы бар-сенім,жай ғана сенім емес жүрекпен сену.Ал сенімсіз жүрек-сен ойлаған мақсатқа жеткізбейді.Сенің бойыңа қорқыныш сезімі ұялап,айтар сөзің бөлектеніп,тұшымды ой айта алмайсың.Ал, сол жеңіліске шыдай алмасаң,өзіңе өкпе артып,бостан-бос түңіліп  жүре берсең,жеңілісіңді мойындап,талпынысың өз күшін жойса,онда бірқалыпты өмір сүріп жүре бересің!Қоғамнан бөлек,өз әлеміңмен өмір сүресің.Сол үшін,қанша жеңіліс тапсаңда ,ертең жеңіске жетердей күшін болуы керек.

Кейде,далада келе жатырған кезде,жұпыны киінген,қолында темекесі бар,лас заттар жиналған жерден бір нәрсе іздеп жатырған үлкен адамды көрем.Барар жері жоқтай,сол жерден пайдаға асатын зат іздегендей болады.Олар өмір қиындығын көріп,төзе алмаған жандар тәрізді.Егер өздері ниеттенсе қайыр сұрап,лас жерлерді мекен еткенше,еңбек етіп адам қатарына қосылса қандай жақсы болар еді! Өмір-сынақ.Сынақтан қанша сүрінсеңде,қайта тұруға болатынын ұмытпаған жөн!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда