Әскерге кеткен хаттардан

Әскерге  кеткен  хаттардан
жеке
блог

        Оралда   оқуда  жүргенімде  анам  телефоныма  қоңырау  шалып, ауылға  маған   хат  келіп   тұрғанын  айтты.  Әрине, ол  әскердегі  жігітімнен  еді.  Анамда  білетін. «Оқып  берейін  бе?» деп  қалжыңдап та  алды.  Анамды  әурелеп  оны  таксилерден  Оралға  алдырттым.  Ооой, енді сол  хатты  қолыма алғандағы  сезімімді  жеткізіп, мына  жерге  сыйғызу  әсте  мүмкін  емес.  Қолым  дірілдеп  хатты  ашып , оқып  бастағанда  көзімнен  жаймен  аққан  тамшылар, соңында  еңкілдеумен  аяқталды (әр  хат  сайын  солай  болды). Вокзалда  аттандырғанда  айтқан  «уәделі  сөзімді»  нық  ұстап, келер  күнді  уақыт  санаумен  асыға  күттім. 

       Ол  маған  10 шақты  беттен  тұратын  бұйрығы  аралас  жылы  сөздерін, сезімі  мен  сенімін  қоса  артқан  хаттарын  жіберетін, менікі болса,  20 шақты  беттен  тұратын жігітім  айтпақшы  «поэма»   жазылған, бірге  түскен  фотоларымыз, жүректің  пішініндегі  қолдан түрлі ашық  хат  жасап  (идеяның  сантүрін   жасадым ғой))) салынған  конверт  баратын. Әскерде  сарбазға  келген  хаттарды  ашып,  тексеріп  алады  екен  де,қолдарына  ұстатады  екен.  Сондай  күндердің бірінде, менің қиялилығымнан  шыққан үлкен  жүректің ішінен  жіппен  тізілген  кішкене  жүректерді  бәрінің  көзінше ашып  көрсетіпті, «Татарин (жолдасым  ұлты-татар) қызыңның  фантазиясына  сөз жоқ  екен» деп күліпті. Әлі  күнге  дейін  айтып  күлеміз.  Ара  арасында  телефонмен  сөйлесіп  тұрсақ та,  жолданған  хаттарымыз  беті  жағынан  көлемді  болатын.  Себебі, адам  қолына  қаламын  ұстаса, айтылмаған, ішкі  жүрек  түкпірімізде  бұғып  жатырған  небір  алуан  сезімдеріміз, сиқырлы  сөздеріміз,  толқынысымыз  қағаз  бетіне  өздігінен  айшықталып,  өрнектеле  береді  ғой. Хат  алмасып  тұрған  жақсының  жақсысы  екен. 

     Қыздарды  әскерден  сарбазын  күте  алмайды  дейтіндерге  мен  дәлел  болар  едім. Ондағы  сағыныш  тым  ерек.  Менің  күткенім  оған  күш  беретін, алдағы  күндеріне  жақсылықпен  үміттеніп, қиындықтарын  жеңуіне себепкерде болдым.   Әрине, ата-анасы мен  бауырларынан  кейінгі.  Ант  қабылдау  салтанатына   барып, жанында болып, қолдау  білдірдім (Оралдан  Тараз  Отарға). Келгеннен  кейінгі  болар  тойымызды  ойлап   жұбанатын. Ата-енем "аман  есен  оралса, дүркіретіп  тойларыңды  жасаймыз" деген  болатын. Ол  қуаныш та орындалды. Міне,  өзге  де  қыздарға  «Сабырлыға  Алланың берер  нығыметі  көп»  екенін  айтқым  келеді. Сарбаздардың  сағын  сындырмай, сенімін ақтаңыздар.

      «Қыздың қырық  жаны  бар»  екенін  естен  шығармай, әскердегі  арыстай  азаматтарыңызды  күте  біліңіздер!!!

 

       алдағы  уақыттарда  хаттардан  үзінді  жариялаймын