ҚазҰУ – студентті жан-жақты дамытатын білім ордасы

ҚазҰУ – студентті жан-жақты дамытатын білім ордасы
жеке
блог

         1934 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетің іргетасы қаланып, содан бері университет өз беделін күннен-күнге нығайтып келеді. Қара шаңырағымыздың құрамында 14 факультет, 98 кафедра, 20 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, 2000-нан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары қызмет атқарады. 

         Әлемдік және мемелекеттік білім беру жүйесінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жетекші орынға ие. Неге десеңіз, университетіміз 20 000-нан астам студенттерге сапалы білім беріп қана қоймай, олардың шығармашылық дамуына, ой-өрістерінің шыңдауына, жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлесін қосуда.

         Алматы қаласының орталығында орналасқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер қалашығында білім нәрін сусындатып жүрген жастар үшін барлық жағдай жасалған. Жылына бірнеше ондаған іс-шаралар өтетін Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі ең үлкен «әл-Фараби» кітапханасы, студенттерге арналған 18 студенттер үйі, спорткешені, бассейн мен стадион, технопарк, студенттерге қызмет ету орталығы аясында жұмыс жасайтын медициналық орталық, кітап дүкені, кинотеатр және т.б. студенттер игілігі үшін қызмет ететін шағын мекемелер бар.

         Сонымен қатар, студенттердің көшбасшылық, ұйымдастырушылық қасиеттерін, яғни оларды шығармашылық дамыту мақсатында жастар ұйымдары мен комитеттері жұмыс жасайды. Олар: «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, студенттер Сенаты, «Көмек» еріктілер қозғалысы, студенттер кеңесі, Болон үдерісі бо­йынша студенттік бюро, студенттердің ғылыми қоғамы кіреді. Қазіргі таңда университет қабырғасындағы және одан тыс барлық мерекелік іс-шаралар тікелей аталған жастардың қатысуымен өтеді.

         Қорыта келе, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – сапалы білім беріп, студенттің тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін беделі қашан-да биік білім ордасы!

Мукамеденқызы Венера, аға-оқытушы

Хуандық Ақерке, 1-ші курс магистранты

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы

Физика-техникалық факультеті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ