"Clear Campus" - біз таза қалашық үшін!

"Clear Campus" - біз таза қалашық үшін!
жеке
блог

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ақ Президент Н.Ә.Назарбаев елімізді гүлдендіру, қалалар мен ауылдарды өркендетуге және көгалдандыруға басты назар аударып, осы мәселе аясында көптеген іс- шаралар жүргізіліп келеді. Осындай іс-шаралардың бірі – «Таза Кампус» жобасы.
Таза Кампус – жасыл экономика, бұл адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономикалық жоба. Сонымен бірге Таза Кампус жобасы халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын жоба болып табылады. Бұл жоба 21 ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде Ұлыбритания, АҚШ, басқа да дамыған елдердің үздік университеттерінде кең таралған. Қазіргі таңда бұл жоба Қазақстанда да жастардың қолдауымен дамып, жүзеге асып келеді. Дәлел ретінде Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Көмек» Қоғамдық Қоры еріктілерінің ұйымдастыруымен «Clear  Campus» жобасы аясында ҚазҰУ қалашығын көгалдандыру іс-шарасы өткенін айта аламыз. ҚазҰУ қалашығының тазалығын қамтамасыз етуде еріктілер сенбілікке шығып студенттерге жағымды атмосфера сыйлады. Бұл жобаға 400-ден аса еріктілер қатысып, бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетіп, жұмыла жұмыс жасады.
Еріктілердің мақсаты, елімізді дамыту жолында «Таза Кампус» жобасы арқылы студенттерді қоршаған ортаны аялауға шақыру болып табылады. Осы жоба аясында ҚазҰУ қалашығының студенттері қайырымды қалашықтың болуына негіз болды. Білім алатын Университетіміздің әдемі де таза болуы біз үшін және денсаулығымыз үшін ең маңызды. 

Тарих факультетінің «Көмек»
Қоғамдық Қоры