МАҚСАТҚА ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ 8 ҚАҒИДА

МАҚСАТҚА ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ 8  ҚАҒИДА
жеке
блог
Арман деген бос қиял,
Орындалмас ешқашан.
Мақсат керек адамға.
Түбі терең, мәні бар.
Ия, көп адамдар бұл өмірде мақсатын арманға айналдырып жіберген. Арман деген- құр қиял, артынан қуалап кете бересің. Оның болар болмасын өзің де білмейсің. Ал мақсат нақты нысананы көздейтін, арманға қараған да орындалу мүмкіндігі басым болатын бағыт . «Армандар орындалады, мақсаттар айқын болса»- деген керемет қанатты сөз бар. Оған еш күмәнсіз сенуге болады. Ал егер сіз арманыңыздың орындалғанын, мақсатыңыздың айқын болғанын қаласаңыз мен сізге мақсатқа жету жолындағы 8 қағиданы ұстануға кеңес беремін.
1.Мақсат-айқын, нақты болуы керек. Алдыңызға қойған мақсатыңыздың қандай екенін алдын ала біліп алыңыз. Ол қандай болмасын оған қанша уақытта, қалай қол жеткізетініңізді ойлаңыз. Мысалы машина алуды мақсат етіп қойсаңыз оның түсін, маркасын, жылын, қай жерден шығатынын, қанша уақытта, қандай жерден алатыныңызды анықтап алуыңыз керек. 
2.Мақсат жолында өз альбомыңызды жасаңыз. Мақсатыңызға байланысты альбом жасаңыз. Оның суреттерін жинап оны үнемі көзіңіздің алдында тұратын жерлерге іліп қойыңыз және ол суретке қараған сайын өзіңізді сол мақсатқа жеттім деп елестетіңіз. 
3.Одан сіз қандай рақатқа бөленетініңізді ойлаңыз. Сіз сол мақсатыңызға жеткен кезде қандай күй кешетініңізді елестетіңіз. Ол кезде сізді не қызықтырырын біліңіз. 
4.Мақсатына жеткен адамдармен арласыңыз. Мақсат-үлкен таудың шыңы, оған екінің бірі шыға алмайды. Сондықтан биік шыңдарға жетелейтін жандарды жаныңызға жолдас етіңіз. Олар сізге өз дегеніңізге жетер жолда көмектесіп, тәжірбиесімен бөлісері сөзсіз. 
5.Мақсатыңызбен ауырыңыз. Ауру дегенде кәдімгі физологиялық ауру емес. Ол сіздің мақсатқа жету жолын ойлап, істеген іс-әрекеттеріңізге есеп беріп, ойша елестету арқылы ауру. 
6.Күнде көз алдыңызға елестетіңіз. Мақсатқа мен жеттім деп қараңыз, тіпті оның орындалу мерзімі ұзақ болса да, оған осы уақытта жетіп қойғандай күй кешіңіз, күнде көз алдыңызға жасаған альбомыңызға қарап мақсаттың орындалған сәтін осы шақта орындап қойғандай елестетіңіз. 
7.Қорқыныштарды алып тастаңыз. Ойыңыздан «Мен ондай бола алмаймын, оған қол жеткізу қайда»- дегенді алып тастаңыз. Адам өз ойының жемісі не ойласа сол болады. Ойыңызда тек жақсы істерді ойлап, оған жету жолында ешқашан қорқынышқа бой алдырмаңыз. 
8.Жалқаулыққа жол бермеңіз. Мен өз мақсатыма жетем деген соң оған жоспарлы түрде әрекет еткен жөн. «Бүгін қоя берші, ертең істей саламын» деген болмайды. Бір істі бастап екіншіге көшкен тағы қажет емес. Ойыңыздағының бәрін бір жүйеге салып жоспар жасаңыз және оны іске асыруда жалқаулық танытпаңыз. 
 
Міне, мен ұсынған мақсатқа жету жолының 8 қағидасы осындай. Ал сіздің мақсатыңыз қандай және оған жету жолында не істеп жүрсіз? Сіз де өз ойыңызбен бөлісіңіз.