Жығылғанға жұдырық

Жығылғанға жұдырық
жеке
блог

Талай қысты бастан өткердік, бірақ мұндай сай  сүйегінді сырқырататың сары шұнақ аязды бұрын сонды Алматы жұртшылығы көрмегендей. Талай жылдан бері қатпаған құбырлары қатып, таңдары тоңумен атып жатқан халықтың өмірінің мəні кеткендей. Алматы жұртшылығының мұндай суыққа еті үйренбеген əбден титықталды. Аяз ешкімді аямады үсік шалған жұрттың қарасы көп, одан қалса жығылған жұдырық дегендей көмірдің бағасы аспандап тұр. Неге екенін қайдам біздің елде бəрі пропорция сияқты. Алып сатарлар көмірдің арқасында біраз қалтасын қампитты, бірақ халықтың қалтасы жұқарды. Үлкендердің 90 жылдың қиындығынан бір үзіндісі есімде, халықтың көмір түгіл қара нанға көк бақыры жоқ заманда жылуды кəдімгі малдың қиынан алған екен, біз ол шамаға бара қойған жоқпыз. Құдай бетің əрі қылсың, бірақ күн көріс осы қарқыңмен өрби берсе осындай жағдайға түспесімізге кім кепіл. Əрине 90 жылдағы халықтың жағдайы мен қазіргі халықтың əлеуеті басқа. Бірақта елден жырақ мал бағумен күндері өтіп жатқан халықтың қи жағып жылу алып отырғаны жанға бататыны бар. Көмір бағасы аспандап тұр, бірақта сапасы сол бағаға татымайды. Қарапайым халық амалы жоқ, жарты тоннасы тас араласқан отқа салсан жылуынан əуресін көп беретін  көмірмен өмір сүріп жатыр. Бір ағамның "қатты аяз ұрып үйіміздің кем-кетігі шығып жатыр" дегені бар еді. Иа көмірсіз ақ өмір сүріп жатқан жылуды газдан алатын халықтыңда мазасы қашты. Оған себеп газдың күші үйді жылытуға жетпей жатыр. Оған салса 50 мың тенге көлемінде газ есебіне төлейтін ел-жұрт бар. Міне қаңтардың қаһарлы суығынанда аман сау өттік шүкір! Бірақта келесі жылы қылышың сүйретіп қыс сары шұнақ аязына басса бұл жұрттың көрер күні тағы осы болса бұл бір Асанқайғының уайымы болары сөзсіз.