Сен керексің

Сен  керексің
жеке
блог

 

Керек емес сенің байып-шіруің,
Одан жақсы еңбектене күлуің.
Керек емес қымбат көлік мінуің,
Одан жақсы қол ұстаса жүруім.

Керек емес рестораның, кафең де,
Одан жақсы "асханашы тәтең де".
Керек емес шетел дейтін жат елде,
одан жақсы ауылыңда тәлтеңде.

Керек емес күмісің де, алтының,
Одан жақсы өлшенбейтін бар құның.
керек емес этажың да, жарқыным,
Одан жақсы шат-үйімде шалқыдым.

Шүкіршілік, болса егер қанағат,
Аллам өзі жеткізеді бағалап.
Махаббат пен сыйластықты жағалап,
Бақыт өзі тұрақтайды табандап.